Усть-Каменогорск
малооблачно
+15°
  • Усть-Каменогорск
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +20°
  • Форт-Шевченко
    +16°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +15°
  • Кокшетау
    +15°
  • Костанай
    +14°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Уральск
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Усть-Каменогорск и ВКО Усть-Каменогорск и ВКО Таунар Қайрат
Источник:
аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасынан
Этот материал доступен на казахском языке

Тұғылдағы мәдениет үйі жаңартылады

Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында Тұғыл ауылындағы  орталық стадионға заманауи жасанды жасыл желек төселіп, жолдар жөндеуден өтті

Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, Тұғыл ауылының ішкі көшелеріне 45 жол жүру белгілері қойылыпты. 
- Биыл Тұғыл ауылын көркейтуге баса мән беріп отырмыз. Мәселен, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі көшелерге 45 жол жүру белгілері қойылды. Тұрғындардың ұсынысы бойынша ауыл сыртындағы бейіт қоршалды. Сонымен бірге, осы жылы аудан бойынша елді мекендерді жарықтандыруға 14 млн 635 мың теңге қаржы бөлінген. Осы қаржы есебінен Байтоғас пен Тұғылдағы бір-бір көшеге бағандар орнатылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде, - дейді аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасов.
Арнайы жұмыс сапарымен келген ол алдағы уақытта мәдениет үйін қайта жаңғырту керектігін айтты. 
- "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасымен 25,4 млн теңге қаржы жұмсалып, орталық стадионға қайта заманауи жасанды жасыл желек төселді. Ауылдың Уәлиханов, Желтоқсан, Алтынсарин көшелері асфальтталды. Енді мәдениет үйін қайта жаңғырту көзделіп отыр. Яғни, төбесінің шатырын, терезесін ауыстырып, қасбетін заман талабына сай қаптау үшін сметалық құжаттары әзірленуде. Алда біршама мақсат-міндеттер тұр. Осыларды біртіндеп іске асыра отырып, Тұғылдың тұғырлы бейнесін бірге қалыптастыратын боламыз, - дейді аудан әкімі.

Следующая →