Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Тұғылдағы мәдениет үйі жаңартылады

Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында Тұғыл ауылындағы орталық стадионға заманауи жасанды жасыл желек төселіп, жолдар жөндеуден өтті

Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, Тұғыл ауылының ішкі көшелеріне 45 жол жүру белгілері қойылыпты. 
- Биыл Тұғыл ауылын көркейтуге баса мән беріп отырмыз. Мәселен, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі көшелерге 45 жол жүру белгілері қойылды. Тұрғындардың ұсынысы бойынша ауыл сыртындағы бейіт қоршалды. Сонымен бірге, осы жылы аудан бойынша елді мекендерді жарықтандыруға 14 млн 635 мың теңге қаржы бөлінген. Осы қаржы есебінен Байтоғас пен Тұғылдағы бір-бір көшеге бағандар орнатылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде, - дейді аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасов.
Арнайы жұмыс сапарымен келген ол алдағы уақытта мәдениет үйін қайта жаңғырту керектігін айтты. 
- "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасымен 25,4 млн теңге қаржы жұмсалып, орталық стадионға қайта заманауи жасанды жасыл желек төселді. Ауылдың Уәлиханов, Желтоқсан, Алтынсарин көшелері асфальтталды. Енді мәдениет үйін қайта жаңғырту көзделіп отыр. Яғни, төбесінің шатырын, терезесін ауыстырып, қасбетін заман талабына сай қаптау үшін сметалық құжаттары әзірленуде. Алда біршама мақсат-міндеттер тұр. Осыларды біртіндеп іске асыра отырып, Тұғылдың тұғырлы бейнесін бірге қалыптастыратын боламыз, - дейді аудан әкімі.

Следующая →