Усть-Каменогорск
пасмурно
-6°
  • Усть-Каменогорск
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -11°
  • Актобе
    -11°
  • Форт-Шевченко
    +3°
  • Атырау
    -3°
  • Караганда
    -10°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -10°
  • Кызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Уральск
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жармадағы әкімдіктегі есепші ақша жымқырған

Ауыл әкімдігінің бас есепшісі мемлекеттік бағдарламаға бөлінген қаржыны үш жыл бойы "жеп жүрген"

Жарма ауданының Ақжал ауылдық округінің бас бухгалтері былтыр мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған. 2015 жылы әкімдікке қызметке орналасқан есепші қаржы жымқыру әрекетін екі айдан кейін-ақ бастап кеткен. Аумақты дамытуға бөлінген қаржының бір бөлігін өзінің банк карточкасына аударып отырған. Қызығы да сол - мемлекеттік қаржының таражға түсіп жатқанын округ әкімі де, ауданның кәсіпкерлік бөлімі де байқамаған.

Тек 2018 жылы шілде айында ауылға жаңадан әкім болып келген шенеунік қана байқаған.

- Есепшінің бірнеше ай бойы қызметкерлерге зейнетақы жарнасын аудармай жүргенін көріп, ескерту жасаған болатынмын. Сол кезде ғана есепшінің бюджет қаржысын өз есепшотына аударып жүргеніне көзім жетіп, құқық қорғау органдары мен аудан әкімдігіне хабар бердім, - деді округ әкімі Нұрлыбек Тілеуханұлы.

Бухгалтердің ақша жымқырып жүргенін бұрынғы әкімнің білген не білмегені беймәлім. Ал ауданның кәсіпкерлік бөлімі есепшінің қаржылық операцияларды дұрыс жасағанын, сондықтан еш күмән туғызбағанын айтады. Кейін есепшінің мемлекеттік мекеме басшысының электронды қолтаңбасын пайдаланып қаржы аударғаны, сол себепті күдікке ілінбегені белгілі болды.

Сондай-ақ бұл есепшімен бірге Жарма аудандық ішкі саясат бөлімінің де бас бухгалтері ақша жымқырғаны үшін сотталып кетті.

- Мемлекеттік орган басшыларын жемқорлықпен күресуге жұмылдыру үшін қоластындағы қызметкерлерінің ісіне де жауап беруге міндеттеу қажет. Егер қарамағындағы қызметкердің жемқорлыққа қатысы бар екендігі анықталса, онымен бірге басшысы да жазалануы тиіс. Ал жемқорлық фактілері жайлы хабар берген басшылар жазадан құтылатын болады. Сонда ғана басшылар қоластындағы қызметкерлерін бақылауда ұстауға мүдделі болмақ, - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстық департамент басшысы Ерлан Жалмағамбет.


Следующая →