Жармадағы әкімдіктегі есепші ақша жымқырған
Ауыл әкімдігінің бас есепшісі мемлекеттік бағдарламаға бөлінген қаржыны үш жыл бойы "жеп жүрген" Жарма ауданының Ақжал ауылдық округінің бас бухгалтері былтыр мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған. 2015 жылы әкімдікке қызметке орналасқан есепші қаржы жымқыру әрекетін екі айдан кейін-ақ бастап кеткен. Аумақты дамытуға бөлінген қаржының бір бөлігін өзінің банк карточкасына аударып отырған. Қызығы да сол - мемлекеттік қаржының таражға түсіп жатқанын...