Усть-Каменогорск
ясно
-7°
  • Усть-Каменогорск
    -7°
  • Алматы
    +8°
  • Нур-Султан (Астана)
    +1°
  • Актобе
    +2°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +6°
  • Караганда
    +2°
  • Кокшетау
    -4°
  • Костанай
    +2°
  • Кызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +6°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
495.2
-2.06
522.34
-2.87
¥
68.34
-0.35
4.94
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

«Дала дидары» облыстық өнер фестивалі жалғасуда

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлан және Глубокое ауданы тұрғындарының бейнелеу өнері туындыларын Шығыс Қазақстан өнер музейінде көпшіліктің назарына ұсынылады

Усть-Каменогорск и ВКО / «Дала дидары» облыстық өнер фестивалі жалғасуда

Көрме Өскемен қ, Тоқтаров көшесі,56. Шығыс Қазақстан өнер музейінде 17 қараша күні басталып, 12 желтоқсанға дейін қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық.

 Глубокое ауданында кен байыту орындары, фабрикалар, жылу өткізбейтін материалдар зауыты, диірмен, май өңдеу, наубайхана, макарон,ет-сүт өнімдерін өңдеу цехтары, агроөнеркәсіптік кешен жұмыс істейді, жеңіл өнеркәсіп пен қайта өңдеу кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы да жақсы дамыған. 

 Ал Ұлан ауданының негізгі табыс көзін - мал шаруашылығы және құс өнімдері құрайды. Сонымен қатар егін және көкөніс өнімдерімен де қала халқын азық-түлікпен қамтамассыз етуде. 

 Ұлан ауданының көрмесінде Мамай батыр ауылындағы мектептің ұстаздары Рахымбаева Жаңагүл кескіндемелерін, Калиева Гауһар кесте, тоқыма жұмыстарын ұсынады. Сағыр ауылының мектебіндегі «Асыл Мұра» үйірмесінің жетекшісі Зарлықан Сарқыттың «Қазақи тұмар», «Абай портреті», «Түскиіз», «Сәукеле», «Құрақ көрпе» жұмыстары көрмеге көрік береді. Шағиев Талғат қабырғаға сурет салумен ерекшеленсе, Қауменов Естай тас бетіне сурет салумен таңғалдырады. Оның ұлы Қауменов Асқар кескінде шебері. 

 Глубокое ауданының көрмесінде Абай атындағы мемлекеттік универитетінің түлегі Омарова Әсемнің кескіндемелері мен графикасын және бейнелеу пәнінің мұғалімі Серова Маргаританың графикалық жұмыстарын көреміз. Ал, Чучупалова Татьянаның киізден жасаған «Қолдорба», «Пима», «Шәркей» қолөнер бұйымдарын ұсынса, Гукова Ольга мыстан жасалған чиканкаларын және Фоминых Василий керемет кескіндемелерін көрмеге қояды. 

 Көрменің ашылуында ауданның дәстүрлі әншілері, фольклорлық ансамбльдері өнер көрсетеді, ауданның табиғи байлығы мен мәдени өмірін паш ететін бейне презентация ұсынылады. Музей мамандары көрме бойынша онлайн-экскурсия дайындайды.

Следующая →