Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семейдегі емханаларда дәрі жетіспей ме?

Наусақтардың туыстары ауруханаға дәрі-дәрмек сатып алып тасуға мәжбүр

Семей қаласындағы «Өңірлік фтизиопульмонология және оңалту орталығында» ем алушы  науқастардың туыстары медициналық қызметикерлердің жұмысына, дәрігерлердің жауапсыздығына, дәрі-дәрмектің жетіспеушілігіне шағымдануда.  Емханада расымен жағдай нашар ма?

Туберкулез кезінде - екінші деңгейдегі стационарлық көмек көрсететін ұйымдар  фтизиопульмонология орталықтары деп аталады. Еліміздегі фтизиопульмонология орталықтары туберкулезге қарсы қызметін жақсарту жолымен туберкулез ауруын, өлім-жітімін және таралуын төмендетуді көздейді. 

Бүгінгі таңда Семей өңіріндегі эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлауына байланысты Семей өңірлік фтизиопульмонология және оңалту орталығында коронавирус жұқпасын жұқтырғандар ем қабылдауда.  


 Шағымдар азаймай тұр




Семейдегі өңірлік фтизиопульмонология және оңалту орталығының жұмысына көңілі толмай, сол жерге  жақындарын ем алуға жатқызған жандар, шарасыздықтан әлеуметтік желілерге сап-сау жүрген туыстарын қалай жоғалтқандарын жазып, ашынуда. 
 - Менің анам Барлыбаев Айгүл Семей қаласының пульмонология бөлімінде тубдиспансерде қайтыс болды. Ол небары 49 жаста еді, оның денсаулығы жақсы, дені сау еді, өзі учаскелік медбике, сонымен қатар мобильді топта жұмыс істеді, - дейді Айгүл Барлыбаеваның қызы. - 25.07.2021 жылы  орташа ауырлықтағы пневмониясымен анам Тубдиспансерге түсті, ол жерде 4 күн жатты. Үшінші күні ол өздігінен дем алып, тамақтана алатын, сол күні іші өте бастады. Дәрігерлердің ешқайсысы мұны елеп-ескермеді, тағайындауды өзгертпеді, тіпті диареяға қарсы дәрі-дәрмектер бермеді, олар аяқталды деп айтты. Мен өзім дәрілерді сатып алып, анама беріп жібердім. Анам маған ол жердегі медициналық құрылғылар жұмыс істемейтінін жазды. Олар анама КТ жасамапты. Неге? Олар бізге антибиотиктерді жоғары сапалы антибиотиктерге алмастыруға болатынын да ескерткен жоқ.
3 күн бойы орташа ауырлықтағы науқас төртінші күні қайтыс болды. Дәрігерлер науқастың өлімінен кейін ғана, туыстарына анасының жағдайы бастапқыдан ауыр деген уәжді алға тартыпты. 

Семей қаласының тұрғыны Ольга ханым Семейдегі өңірлік фтизиопульмонология және оңалту орталығында қарапайым парацетамол да жоқ деп шағымдануда. 
- 8 тамыз күні апайым фтизиопульмонология орталығына түсті. Сатурациясы 80 болды. 4 күн жатты, алайда хәлі күннен-күнге мүшкіл болды. КТ жасамады, қарапайым парацетамолды өзіміз сатып алып, беріп жібердік. Апайымның қосымша аурулары бар, бірақ соған қарамастан, оны бір протокол негізінде ғана емдеді. Сонда дәрігерлер әр науқастың диагнозына қарай ем жасай алмай ма? Барлығын бір протокол негізінде ғана емдей ме? Адамдарды дұрыс емдемеу арқылы өлтіріп алуды қашан тоқататамыз? - дейді Ольга ханым.
 

Дәрі-дәрмек жеткілікті




Осы уақытқа дейін Семейдегі өңірлік фтизиопульмонология және оңалту орталығына ауызша әрі жазбаша 6 арыз-шағым келіп түсіпті. Денсаулық сақтау басқармасы арнаулы комиссия құрып, тексеру жүргізіп, шағымдарға уақытылы жауап қайтарды. 
-  Семей өңірінде эпидемиялогиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты 2021 жылдың 22 шілдесінен бастап  өңірлік фтизиопульмонология және оңалту орталығында коронавирус жұқпасын жұқтырған науқастарға арналған 300 орындық уақытша инфекциялық бөлім ашылды. Штаттық кесте бойынша КВИ бөлімінде 300 орынға 30 дәрігер, 60 медбике және 60 кіші медицина қызметкерлері қызмет етуде. Барлық қызметкерлер 2 бригадаға бөлінген, бекітілген кесте бойынша кезекпен жұмысқа шығады, - деп түсіндірді облыстық Денсаулық сақтау басқарамасы басшысының Семей өңірі бойынша орынбасары Думан Берікұлы.
Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы облыстағы емханаларға жеткілікті көлемде дәрі-дәрмектің бөлінуін бақылайды. Сондықтан Думан Берікұлы Семейдегі өңірлік фтизиопульмонология және оңалту орталығында дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі жоқ екенін атап өтті. 
- Бүгінгі таңда өңірлік фтизиопульмонология және оңалту орталығының дәріхана қоймасында дәрі-дәрмектің қоры жеткілікті. Витаминдер, антибиотиктер, гормондар, қан сұйылтатын, ыстық түсіретін дәрілік препараттармен толығымен қамтамасыз етілген, - деп қосты Думан Берікұлы.

Следующая →