Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Наусақтардың туыстары ауруханаға дәрі-дәрмек сатып алып тасуға мәжбүр
Шағымдар азаймай тұр
- Менің анам Барлыбаев Айгүл Семей қаласының пульмонология бөлімінде тубдиспансерде қайтыс болды. Ол небары 49 жаста еді, оның денсаулығы жақсы, дені сау еді, өзі учаскелік медбике, сонымен қатар мобильді топта жұмыс істеді, - дейді Айгүл Барлыбаеваның қызы. - 25.07.2021 жылы орташа ауырлықтағы пневмониясымен анам Тубдиспансерге түсті, ол жерде 4 күн жатты. Үшінші күні ол өздігінен дем алып, тамақтана алатын, сол күні іші өте бастады. Дәрігерлердің ешқайсысы мұны елеп-ескермеді, тағайындауды өзгертпеді, тіпті диареяға қарсы дәрі-дәрмектер бермеді, олар аяқталды деп айтты. Мен өзім дәрілерді сатып алып, анама беріп жібердім. Анам маған ол жердегі медициналық құрылғылар жұмыс істемейтінін жазды. Олар анама КТ жасамапты. Неге? Олар бізге антибиотиктерді жоғары сапалы антибиотиктерге алмастыруға болатынын да ескерткен жоқ.3 күн бойы орташа ауырлықтағы науқас төртінші күні қайтыс болды. Дәрігерлер науқастың өлімінен кейін ғана, туыстарына анасының жағдайы бастапқыдан ауыр деген уәжді алға тартыпты.
- 8 тамыз күні апайым фтизиопульмонология орталығына түсті. Сатурациясы 80 болды. 4 күн жатты, алайда хәлі күннен-күнге мүшкіл болды. КТ жасамады, қарапайым парацетамолды өзіміз сатып алып, беріп жібердік. Апайымның қосымша аурулары бар, бірақ соған қарамастан, оны бір протокол негізінде ғана емдеді. Сонда дәрігерлер әр науқастың диагнозына қарай ем жасай алмай ма? Барлығын бір протокол негізінде ғана емдей ме? Адамдарды дұрыс емдемеу арқылы өлтіріп алуды қашан тоқататамыз? - дейді Ольга ханым.
Дәрі-дәрмек жеткілікті
- Семей өңірінде эпидемиялогиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты 2021 жылдың 22 шілдесінен бастап өңірлік фтизиопульмонология және оңалту орталығында коронавирус жұқпасын жұқтырған науқастарға арналған 300 орындық уақытша инфекциялық бөлім ашылды. Штаттық кесте бойынша КВИ бөлімінде 300 орынға 30 дәрігер, 60 медбике және 60 кіші медицина қызметкерлері қызмет етуде. Барлық қызметкерлер 2 бригадаға бөлінген, бекітілген кесте бойынша кезекпен жұмысқа шығады, - деп түсіндірді облыстық Денсаулық сақтау басқарамасы басшысының Семей өңірі бойынша орынбасары Думан Берікұлы.Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы облыстағы емханаларға жеткілікті көлемде дәрі-дәрмектің бөлінуін бақылайды. Сондықтан Думан Берікұлы Семейдегі өңірлік фтизиопульмонология және оңалту орталығында дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі жоқ екенін атап өтті.
- Бүгінгі таңда өңірлік фтизиопульмонология және оңалту орталығының дәріхана қоймасында дәрі-дәрмектің қоры жеткілікті. Витаминдер, антибиотиктер, гормондар, қан сұйылтатын, ыстық түсіретін дәрілік препараттармен толығымен қамтамасыз етілген, - деп қосты Думан Берікұлы.