Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Глубокое кентіндегі жылу қазандықтары Қазақстан-Түрік жобасы аясында жаңартылуда
- Экологиялық түрғыдан еуропалық стандарттарына сәйкес Қазақстан-Түрік жобасы бойынша салынып жатқан жаңа ЖЭО құрылысы қарқынды жүруде. Келісімшарт 12 жылға, оның ішінде қазандыты пайдаланудың 11 жылына арналған шарт "Mimsan Endustri Kazanlari Sanayive Ticaret A. S." АҚ-мен 2020 жылғы маусымда жасалды, - дейді Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахимжанова.Жуырда облыс басшысы Даниал Ахметов жаңа қазандықтың құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты. Себебі бұл экологиялық тұрғыдан еуропалық стандартқа сәйкес келетін Қазақстан мен Түркияның бірлескен жобасы.
- Құрылыс алаңын аралау барысында құрылысшылар мен инвесторлар Түркиядан әкелінген үш жаңа қазандықты және жабдықты монтаждау процесін көрсетті. Қалған агрегаттар жолда келе жатқанын айтты, - деді Даниал Кенжетайұлы.Сонымен қатар, облыс басшысы жақын арада бұл жылу қазандығының тиімділігіне толық талдау жасалатынын атап өтті. Егер бұл жоба сәтті аяқталып, расымен жұмысы тиімді болса, онда оны Курчатов, Семей және Өскемен қалаларында қазандықтар салғанда қолдануы мүмкін.