Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Глубокое ауданында жылу қазандықтары жаңартылуда

Глубокое кентіндегі жылу қазандықтары Қазақстан-Түрік жобасы аясында жаңартылуда

Ескі жүйе бойынша қазандықтар бұрын тәулігіне 110 тонна көмір жақса, мына жаңа жүйеге тек 80 тонна отын қажет болады. Ескі жылу станциясы әбден тозған. Онда 1938 және 1949 жылдары шығарылған қазандықтар орнатылған. Ал ондай қазандықтар кенттің дамуын тежейді.

Бұл қазандық "Қайнаған қабатта жанатын отын" қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұл кез келген көмір толық жанып кетеді, көмір талғамайды дегенді білдіреді.
 Жобаның артықшылықтарының бірі - күл аз шығады және отынға үнемді болмақ.
- Экологиялық түрғыдан еуропалық стандарттарына сәйкес Қазақстан-Түрік жобасы бойынша салынып жатқан жаңа ЖЭО құрылысы қарқынды жүруде. Келісімшарт 12 жылға, оның ішінде қазандыты пайдаланудың 11 жылына арналған шарт "Mimsan Endustri Kazanlari Sanayive Ticaret A. S." АҚ-мен 2020 жылғы маусымда жасалды, - дейді Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахимжанова. 
Жуырда облыс басшысы Даниал Ахметов жаңа қазандықтың құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты. Себебі бұл экологиялық тұрғыдан еуропалық стандартқа сәйкес келетін Қазақстан мен Түркияның бірлескен жобасы.
- Құрылыс алаңын аралау барысында құрылысшылар мен инвесторлар Түркиядан әкелінген үш жаңа қазандықты және жабдықты монтаждау процесін көрсетті. Қалған агрегаттар жолда келе жатқанын айтты, - деді Даниал Кенжетайұлы. 
Сонымен қатар, облыс басшысы жақын арада бұл жылу қазандығының тиімділігіне толық талдау жасалатынын атап өтті. Егер бұл жоба сәтті аяқталып, расымен жұмысы тиімді болса, онда оны Курчатов, Семей және Өскемен қалаларында қазандықтар салғанда қолдануы мүмкін.
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Глубокое ЖЭО