Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-дағы ауыл көшелері самаладай жарқырайды

Жарма ауданындағы Шалабай ауылындда көше шамдары бағаналары орнатылып, шағын футбол алаңының құрылысы басталып кетті

Жалпы Шалабай ауылында 6 көше бар болса, оның екеуі ғана толық жарықтандырылған екен.
- Тағы екі көшенің бұрын жетпей қалған жерлеріне бағаналар орнатылды. Сонымен қатар, бір көшеге толықтай және саябақ ішіне 22 жарық бағаналары қойылады деп жоспарланған. Жалпы барлығы 5 млн 465 мың теңгеге 44 бағана орнатылмақ, - дейді Шалабай ауылдық округінің әкімі Жанар Есембаева.
Бұл жұмыстарды семейлік мердігер "Barrister KZ" компаниясы қолға алған. Шілде айының аяғынан басталған жұмыстар екі жұмада толық аяқталады деп жоспарланған.

Жанар Сәкенқызының айтуынша, шағын футбол алаңын салұға аудандық бюджеттен 13 млн теңге бөлінген. Футбол алаңын салып жатқан - "Strong servise" ЖШС. Келісімшарт бойынша барлық жұмыстар тамыз айында аяқталуы керек.
- Халықтың ішінде жүріп осы өзекті мәселелердің шешілуіне, жұмыстардың іске асуына бас-көз болып, қозғау жасаған облыстық мәслихаттың депутаты, ауылымыздың азаматы, "Шалабай" ЖШС-ның бас директоры Қуаныш Сулейменовке де халықтың айтар алғысы шексіз, - дейді ауыл әкімі.
Осы орайда айта кетейік, биыл Глубокое ауданының Белоусовка кентінде де жарық шамдары орнатылып, тұрғындардың жүріп-тұруына жайлы жағдай жасалады. Бұған дейін мамыр айында меморандум аясында Белоусовка кентінің бір көшесіне қиыршық тас төгіп, тегістеген "RG ROYAL CARGO MACHINERY" кәсіпорны бір апта бұрын аталған көшеге қайта оралды. Рудная көшесінің жабыны отырып кеткен жерлеріне қайтадан қиыршық тас төгіп, грейдерлеу жұмыстарын жүргізген компания осылайша аталмыш көшенің бір мәселесін соңына жеткізді.

Бұдан бөлек, биыл "Ауыл - ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында Белоусовка кентінің Тоқтаров көшесін жарықтандыру жұмыстары басталды. Сонымен қатар, осы жылы аталған елді мекеннің Ленин, Киров, Набережный, Горький және Пушкин көшелерінде де осындай жұмыстар жүргізіледі деп жоспарланған. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде кент аумағында жалпы саны 180 жарық көзі орнатылып, тұрғындардың жүріп-тұруына жағдай жасалмақ.

Абай Құнанбайұлының нақты қай күні дүниеге келгені әлі күнге белгісіз. Мұхтар Әуезов Абайды алғаш зерттеген уақытынан бастап ең соңғы монографиялық еңбегіне дейін ақынның туған айы мен күнін атап жазған емес. Негізі ақынның 100 жылдық, 150 жылдық мерейтойлары 10 тамыз күні тойланды. Бұл мағлұматты қалдырған Кәкітайдың баласы Әрхам Ысқақов еді. Бүкіл ғұмырын Абайға арнаған Қайым да Абайдың нақты туған күні жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Тарихи деректерге сүйене отырып: "Әрхамның айтуы бойынша, Абайдың ескіше туған күні 10 август, жаңаша 22 август болады. Қазақ Совет энциклопедиясында "Абайдың туған уақыты 10 август 1845 жыл. Өлген уақыты 6 июль(?) 1904 ж" деп берілген. 

Следующая →