Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Жарма ауданындағы Шалабай ауылындда көше шамдары бағаналары орнатылып, шағын футбол алаңының құрылысы басталып кетті
- Тағы екі көшенің бұрын жетпей қалған жерлеріне бағаналар орнатылды. Сонымен қатар, бір көшеге толықтай және саябақ ішіне 22 жарық бағаналары қойылады деп жоспарланған. Жалпы барлығы 5 млн 465 мың теңгеге 44 бағана орнатылмақ, - дейді Шалабай ауылдық округінің әкімі Жанар Есембаева.Бұл жұмыстарды семейлік мердігер "Barrister KZ" компаниясы қолға алған. Шілде айының аяғынан басталған жұмыстар екі жұмада толық аяқталады деп жоспарланған.
- Халықтың ішінде жүріп осы өзекті мәселелердің шешілуіне, жұмыстардың іске асуына бас-көз болып, қозғау жасаған облыстық мәслихаттың депутаты, ауылымыздың азаматы, "Шалабай" ЖШС-ның бас директоры Қуаныш Сулейменовке де халықтың айтар алғысы шексіз, - дейді ауыл әкімі.Осы орайда айта кетейік, биыл Глубокое ауданының Белоусовка кентінде де жарық шамдары орнатылып, тұрғындардың жүріп-тұруына жайлы жағдай жасалады. Бұған дейін мамыр айында меморандум аясында Белоусовка кентінің бір көшесіне қиыршық тас төгіп, тегістеген "RG ROYAL CARGO MACHINERY" кәсіпорны бір апта бұрын аталған көшеге қайта оралды. Рудная көшесінің жабыны отырып кеткен жерлеріне қайтадан қиыршық тас төгіп, грейдерлеу жұмыстарын жүргізген компания осылайша аталмыш көшенің бір мәселесін соңына жеткізді.