Усть-Каменогорск
облачно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +15°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +15°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +9°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +13°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Аудандарда ашық аспан астындағы кітапханалар ұйымдастырылды

Жарма және Бородулиха аудандарының кітапхана қызметкерлері тұрғындарды таза ауада кітап оқуға шақырды

Жарма ауданында орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен "Ашық аспан астындағы кітапхана" акциясының жалғасы ретінде "Жарма-Арасан" сауықтыру орталығының демалушыларымен кездесу өтті. Тіпті "Жарма-Арасан" сауықтыру орталығының демалушыларымен пікір алмасу ретінде "Сұрақ-жауап" және "Заманауи лото" ойындары ойнатылып, сыйлықтар үлестірілді. 
- Демалушылар назарларына "Тәуелсіздік бәрінен қымбат", "2021 жыл - Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы", "Назарларыңызда жаңа кітаптар" тақырыптары бойынша кітап көрмелері ұсынылды. "Ашық аспан астындағы кітапхана" акциясы ары қарай жалғасын табатын болады, - дейді ұйымдастырушылар.
Дәл осындай қызықты шара Бородулиха ауданында да ұйымдастырылған. Балалардың жазғы бос уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуі үшін аудандық кітапхана ашық аспан астында жазғы оқулар өткізуде.
 - Жаз маусымында балалар уақытының көбін сыртта өткізетіндіктен, бұл іс-шара достармен кездесуге және бос уақытын жақсы кітаппен қызықты өткізуге себепкер болады. Осылайша, оқырман белсенділігін арттырып, балалардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, әртүрлі кітаптармен таныстыра отырып, оқуға баулу, таза ауада кітап оқу арқылы кітапсүйер қауымға тамаша көңіл-күй сыйлауға тырысамыз, - дейді кітапхана қызметкерлері.

Следующая →