Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Заңсыз көше саудасы көбейді

Жаз маусымында жыл сайын заңсыз көше саудасы артады. Алайда Өскеменде заңсыз сауда жасаушыларға полиция бөлімі шара қолдана алмай отыр.

Қазіргі уақытта Өскемен және Семей қалаларының көшелерінде қауын-қарбыздың саудагерлері қаптап отыр. Шығыс өңірінде бау-бақшаның бұл өнімдері әлі пісе қоймағанын ескерсек, бұл оңтүстік өңірінен әкелініп, саудаға шығарылып отыр. Өнімнің сапасына сын жоқ, дегенмен оны сауда-саттық жасауға болмайтын орындарда, үй аулаларында, тіпті кей жағдайда қоқыс жәшіктерінің жанында отырып саудалау санитарлық талаптарды бұзу, заңсыз көше саудасын жүргізуге жатады.

Семей қаласы бойынша полиция қызметкерлері бір күндік тексеру нәтижесінде 10 ескерту беріп, 3 саудагерге айыппұл салды. Жалпы заңсыз көше саудасы анықталған жағдайда алғаш рет ескерту жасалады, екінші ретінде айыппұл салынады. Бір жыл ішінде екінші рет заңсыз саудамен ұсталған саудагерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

- 204-бапқа сәйкес сауда белгіленбеген жерлердеі яғни, базарларды, сауда орындарының маңын, сондай-ақ жол бойындағы сауда-саттықты тексереміз. Қазіргі кезде қарбыз, жемістердің стихиялық саудасы артып тұр, - деді Семей қаласы бойынша учаскелік инспектор Азамат Рыскельдинов. 

Өскемен қаласында жағдай басқа, мұнда полиция қызметі заңсыз көше саудагерлерін заңға тартпақ түгілі, оларды тексере де алмай отыр.

Заңды көше саудасы белгіленген орындар тізімін Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі бекітіп, бізге ұсынады. Былтыр ұсынылған құжаттың заңды мерзімі 2020 жылдың қараша айында өтіп кетті. Биыл бізге жаңа құжат ұсынылмады. Сондықтан біздің полицейлер заңсыз көше саудасын тексерген күннің өзінде, оларды заң жүзінде жауапқа тартуы заңсыз болады, - деп түсіндірді Өскемен қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметіндегілер.

Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімі заңды көше саудасының орындарын полиция бөліміне белгілеп бермегендіктен, қала көшелерінде заңсыз саудагерлер толып отыр және полиция бөлімі оларды жауапқа тартуға қауқарсыз.
Следующая →