Заңсыз көше саудасы көбейді
Жаз маусымында жыл сайын заңсыз көше саудасы артады. Алайда Өскеменде заңсыз сауда жасаушыларға полиция бөлімі шара қолдана алмай отыр. Қазіргі уақытта Өскемен және Семей қалаларының көшелерінде қауын-қарбыздың саудагерлері қаптап отыр. Шығыс өңірінде бау-бақшаның бұл өнімдері әлі пісе қоймағанын ескерсек, бұл оңтүстік өңірінен әкелініп, саудаға шығарылып отыр. Өнімнің сапасына сын жоқ, дегенмен оны сауда-саттық жасауға болмайтын орындарда, үй аулаларында, тіпті кей жағдайда қоқыс жәшіктерінің жанында...