Усть-Каменогорск
пасмурно
+6°
  • Усть-Каменогорск
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +20°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +13°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Донское ауылында жылыжай салынып жатыр

Жылыжай жыл он екі ай өнім береді деп жоспарлануда

Ұлан ауданындағы Донское ауылында жеміс-жидек өсіретін жылыжай құрылысы жүргізілуде. 

Донскоедағы жылыжай құрылысы аудандағы ірі жобалардың бірі. Жобаның басты ерекшелігі - жыл он екі ай үздіксіз өнім беретіндігінде. Жаңа кәсіпорынның арқасында ішкі және сыртқы нарыққа бағытталған жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өнім алу көзделген. Жылына мың тоннаға жуық өнім өндіруге қауқарлы кәсіпорынның аумағы 1,5 гектарды құрамақ. Құрылыс былтыр жылдың аяғында басталған. Голландиялық гидропоника технологиясы арқылы құрастырылмақ. Қызанақ, қияр сияқты көкөністерді өсіруге басымдық беріледі.
- Жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, жылыжайда Ұлан ауданының топырағында жақсы өсетін құлпынай, таңқурай, қарақат жидектерін өсіру жоспарланған. Жылыжайдан шыққан жеміс-жидектер әуелі облыс нарығына ұсынылмақ. Кәсіпкерлер кейін өнімді шетел асырып, экспортқа шығаруды да ойластырып отыр, - дейді Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің мамандары.

Следующая →