Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Донское ауылында жылыжай салынып жатыр

Жылыжай жыл он екі ай өнім береді деп жоспарлануда

Ұлан ауданындағы Донское ауылында жеміс-жидек өсіретін жылыжай құрылысы жүргізілуде. 

Донскоедағы жылыжай құрылысы аудандағы ірі жобалардың бірі. Жобаның бас-
ты ерекшелігі - жыл он екі ай үздіксіз өнім беретіндігінде. Жаңа кәсіпорынның арқасында ішкі және сыртқы нарыққа бағытталған жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өнім алу көзделген. Жылына мың тоннаға жуық өнім өндіруге қауқарлы кәсіпорынның аумағы 1,5 гектарды құрамақ. Құрылыс былтыр жылдың аяғында басталған. Голландиялық гидропоника технологиясы арқылы құрастырылмақ. Қызанақ, қияр сияқты көкөністерді өсіруге басымдық беріледі.
- Жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, жылыжайда Ұлан ауданының топырағында жақсы өсетін құлпынай, таңқурай, қарақат жидектерін өсіру жоспарланған. Жылыжайдан шыққан жеміс-жидектер әуелі облыс нарығына ұсынылмақ. Кәсіпкерлер кейін өнімді шетел асырып, экспортқа шығаруды да ойластырып отыр, - дейді Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің мамандары.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Ұлан Жылыжай