Усть-Каменогорск
ясно
+3°
  • Усть-Каменогорск
    +3°
  • Алматы
    +9°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +16°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +15°
  • Караганда
    +11°
  • Кокшетау
    +13°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +13°
  • Уральск
    +8°
  • Шымкент
    +17°
$
479.23
534.96
¥
68.35
5.16
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Әскери-тергеу офицерлері марапатталды

Бүгін​ Қазақстан Республикасының тергеу саласы қызметкерлерінің төл мерекесі

Осыған орай, ҚР ІІМ Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасы Өскемен бөлімінің бастығы подполковник Қасенов Дархан Болатбекұлы​ бастаған офицерлер ұжымы ​ әскери-тергеу саласында қызмет атқарған зейнеттегі аға буынға құрмет көрсетті.​

Дархан Болатбекұлы ҚР ІІМ Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасы бастығы полковник Мұхамет-Қали Қарсыбековтің атынан 2001-2014 жылдары тергеуші лауазымында ​ қызмет атқарған Чалкенов Марат Сағатқанұлы мен 1998-2012 жылдары дәл осы салада ​ еңбек еткен ​ ​Кузьмин Александр Анатольевичті тергеу саласына сіңірген еңбегі үшін алғыс хаттармен марапаттап, ​ арнайы сыйлықтар табыс етті.

Сонымен қатар, әскери ортада орын алып жатқан қылмыстық істерді тергеу жұмыстарында көрсеткен ​ шеберлігі мен жетістіктері үшін Өскемен бөлімінің үш бірдей тергеушісі құрмет грамоталары мен арнайы сыйлықтарға сыйлыққа ие болды.
- Жалпы, тергеуші қызметі сауаттылықты, жоғары білім мен жауапкершілікті​ талап ететін, маңызды міндет. Өйткені олар​ нақты айғақ жинай отырып, қылмыскерді анықтай білуі тиіс. Сондықтан,​ бұл қызметке тек тәжірибелі, таңдаулы мамандар ғана шақырылады, - дейді подполковник Дархан Қасенов.
Следующая →