Өскемен
Қалың бұлтты
-33°
  • Өскемен
    -33°
  • Семей
    -28°
  • Алматы
    -4°
  • Риддер
    -26°
  • Астана
    -27°
  • Ақтөбе
    -17°
  • Ақтау
  • Атырау
    -4°
  • Қарағанды
    -26°
  • Көкшетау
    -25°
  • Қостанай
    -22°
  • Қызылорда
  • Павлодар
    -33°
  • Петропавловск
    -19°
  • Тараз
    -2°
  • Түркістан
    +5°
  • Орал
    -14°
  • Шымкент
    +7°
$
496.85
-0.48
585.54
-1.16
¥
72.23
+0.24
6.49
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Әскери-тергеу офицерлері марапатталды

Бүгін​ Қазақстан Республикасының тергеу саласы қызметкерлерінің төл мерекесі

Осыған орай, ҚР ІІМ Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасы Өскемен бөлімінің бастығы подполковник Қасенов Дархан Болатбекұлы​ бастаған офицерлер ұжымы ​ әскери-тергеу саласында қызмет атқарған зейнеттегі аға буынға құрмет көрсетті.​

Дархан Болатбекұлы ҚР ІІМ Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасы бастығы полковник Мұхамет-Қали Қарсыбековтің атынан 2001-2014 жылдары тергеуші лауазымында ​ қызмет атқарған Чалкенов Марат Сағатқанұлы мен 1998-2012 жылдары дәл осы салада ​ еңбек еткен ​ ​Кузьмин Александр Анатольевичті тергеу саласына сіңірген еңбегі үшін алғыс хаттармен марапаттап, ​ арнайы сыйлықтар табыс етті.

Сонымен қатар, әскери ортада орын алып жатқан қылмыстық істерді тергеу жұмыстарында көрсеткен ​ шеберлігі мен жетістіктері үшін Өскемен бөлімінің үш бірдей тергеушісі құрмет грамоталары мен арнайы сыйлықтарға сыйлыққа ие болды.
- Жалпы, тергеуші қызметі сауаттылықты, жоғары білім мен жауапкершілікті​ талап ететін, маңызды міндет. Өйткені олар​ нақты айғақ жинай отырып, қылмыскерді анықтай білуі тиіс. Сондықтан,​ бұл қызметке тек тәжірибелі, таңдаулы мамандар ғана шақырылады, - дейді подполковник Дархан Қасенов.
Следующая →