Усть-Каменогорск
пасмурно
-18°
  • Усть-Каменогорск
    -18°
  • Алматы
    -3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -21°
  • Актобе
    -19°
  • Форт-Шевченко
    +3°
  • Атырау
    -3°
  • Караганда
    -16°
  • Кокшетау
    -15°
  • Костанай
    -16°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -17°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -2°
  • Уральск
    -9°
  • Шымкент
    +1°
$
460.51
+0.59
498.69
-2.62
¥
68.18
+0.09
6.53
-0.09
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Абай ауданындағы ауылдарда су құбыры жаңартылады

Абай ауданы Қарауыл ауылында су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Айта кетейік, су құбырларын жаңарту жұмыстары былтыр басталған болатын. 
- Қарауыл ауылында тозығы жеткен су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бүгін су құбырларын қайта жаңғырту және ауызсу тетігін тұрғын үйлердің аумағына дейін жеткізу жұмыстары іске асырылуда. Осыған байланысты Қарауыл ауылында жүргізіліп жатқан жұмыстың сапасына бақылау жүргізетін арнайы топ құрылды. Топ құрамына "Nur Otan" партиясы, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ақсақалдар ұйымы және ауданның сәулет, құрылыс, ТҮКШ бөлімінің қызметкерлері бар. Топ мүшелері бекітілген күнтізбеге сәйкес атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын қадағалайтын болады, - дейді Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров.
Көпқабатты үйлердің тұрғындары жөндеу жұмыстары жүріп жатқан кезінде ауызсусыз отырамыз ба деп қорқады. 
- Су құбырлары жаңғыртылып жатқанына қуаныштымыз. Алайда жөндеу жұмыстары кезінде құбырларды жарып алса, екі-үш күн сусыз қаламыз, - дейді ауыл тұрғыны Мағира Мусабекова.

Следующая →