Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Абай ауданындағы Қарауыл ауылының тұрғындары сусыз қалуы мүмкін

Абай ауданында да су құбырларын тарту жұмыстары жалғасуда

Биыл Ақсуат ауылы ауызсу жүйесімен толықтай қамтылады. Бұл туралы жергілікті қоғамдастық өкілдері ұйымдастырған жиында айтылды.

- "Өңірлерді дамытудың - 2020-2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020-2022 жылдары жалпы су құбыры желілерін тарту нысандары құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ақсуат ауылын сумен жабдықтау жұмысы биыл толықтай аяқталады. "DK PROEKT" ЖШС бригадасы құрылыс-монтаж жұмыстарын сәуір айына қарай бастамақ. Құрылыс жобасы негізінде Ақсуат ауылының тиісті көшелеріне және үйлердің аумағына дейін су құбырларын жеткізу жұмыстары жүргізіледі, - дейді аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Серік Сабырбаев.
Жауапты тұлғалардың сөзіне сүйенсек, аталған ауылда ауызсу мәселесі түбегейлі шешімін таппақ. Бұл мақсатта биыл республикалық және облыстық бюджеттен 1 млрд 106 млн теңге бөлініпті. 

Айта кетейік, Абай ауданында да су құбырларын тарту жұмыстары жалғасуда. Осыған орай аудан әкімдігі тұрғындарға үйінің іргесіне дейін тартылған құбырларды өз күштерімен үйлеріне кіргізулерін талап етуде. 
- Былтыр Қарауыл ауылында су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Аталған жұмыс биыл өз жалғасын тапты. Жоба бойынша су жүйесі әр тұтынушының үйнің аумағына дейін жеткізілді. Тұрғындар ендігі кезекте ауласына дейін тартылған су жүйесін үйлеріне өз күштермен немесе "Риза" КМК арқылы ақылы қаздырып тартқызуларына болады. Бұл жұмыс аса маңызды. Себебі үйлерге су уақтылы енгізілмегендіктен құбырларды байланыстыруға қиындық тудырады. Сонымен қатар, үйлерге су қосылған жағдайда көшедегі колонкаларға  су беру тоқтатылады, - деп хабарлады Абай ауданы әкімдігі.
Аталған ауылдағы су құбырын тарту жұмыстары 2021 жылдың мамыр айының соңында аяқталады. Сондықтан әкімдік тұрғындардан су құбырын үйлеріне уақтылы кіргізуін сұрайды. Су тартқызатын тұрғындар кезекке жазылып, тізімге тұруы керек. Ол үшін Қарауыл ауылдық округі әкімдігінің - 9-18-04 немесе, 9-17-67 нөміріне хабарласуына болады. "Риза" КМК тұрғындарға қазу жұмыстары үшін ақысын бөліп төлеуге мүмкіндік туғызуда. Ол үшін 9-18-10 нөміріне хабарласыңыздар.
Следующая →