Катонқарағайлықтар тасқынның алдын алуда
Катонқарағай ауданының әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп ауданда тасқын судың алдын алу шараларын жүргізді
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында жергілікті бюджет есебінен 12 тонна дизель отыны, 7 тонна бензин (АИ-92) жанар-жағармай қоры дайындалды.
Катонқарағай аймағында облыстық бюджет есебінен Үлкен Нарын ауылының маңындағы Нарын өзенінде, Сенное ауылының жанында орналасқан Троеглазка өзенінде жағалауды қорғау жұмыстары жүргізілді.
Следующая →
Катонқарағай аймағында облыстық бюджет есебінен Үлкен Нарын ауылының маңындағы Нарын өзенінде, Сенное ауылының жанында орналасқан Троеглазка өзенінде жағалауды қорғау жұмыстары жүргізілді.
- Бүгінгі күні барлық жұмыстар белгіленген мерзімге сәйкес аяқталды. Аудан аумағында 21 мотопомпа және 56 техника бар. Су басу қаупі туындаған жағдайда тұрғындарға 26 эвакуациялық пункт дайындалған. Инженерлік-инспекторлық құрамды тарта отырып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, - дейді аудан әкімі Ділдар Қалиқан.Аудан әкімі Катонқарағай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімімен бірге аудан орталығындағы Сурка өзенін барлап қайтқан.Биыл қардың аз жаууына байланысты жердің тоң қабаты қалың, кейбір жерлерде 1-1,5 метрге дейін жетеді.
- Үлкен Нарын ауылының осы өзенге жақын көшелері Силивестр Слабодчиков (бұрынғы Чайковский), Дидахмет Әшімханұлы (бұрынғы Садовая), Пазыл Абиев (бұрынғы Московская) атындағы көшелерді су басу қаупі бар. Мұздың қалың қатуы мен жердің тоң қабатының қалың болуы Сурка өзенінде қызыл судың шығуына себеп болып тұр. Осы ретте жауапты тұлғалармен бірге өзен арқылы өтетін көпірдің су өткізу қабілеттілігін артыруға және ауылішілік маңызы бар жолға судың жайылмауын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар атқаратын боламыз, - деп атап өтті аудан әкімі.Сонымен қатар, 1 наурызда Катонқарағай ауданының, Үлкен Нарын ауылында "Сурка өзеніндегі кептелісті жою. Агротехникалық колледждегі эвакопункт. Халықты эвакуациялау" арнайы-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді.