Аягөз ауданында екі тұрғын үй бой көтереді
Биыл Аягөз қаласында 5 қабатты 60 пәтерлі екі тұрғын үй салынады. Осылайша ауданда баспана мәселесі оң шешімін табады
"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асатын құрылыс 2021 жылдың қаңтар айында бастау алып, жыл соңында аяқталады деп жоспарлануда.
Следующая →
- Биыл Аягөз қаласында 5 қабатты 60 пәтерлі екі тұрғын үй салынатын болады. Құрылыс жүргізілетін екі үйдің біреуі жалдамалы, екіншісі несиеге беріледі. Барлығы -120 пәтерлі тұрғын үйдің ішінде 1 бөлмелі - 30, 2 бөлмелі - 60, 3 бөлмелі - 30 пәтер болады, - деп мәлімдеді облыс әкімдігі.Айта кетейік, Аягөз ауданы бойынша бүгінде 1200 адам баспана кезегінде тұр. 2020 жылы 140 отбасы баспанамен қамтамасыз етілген.
Темы:
Аягөз ауданы үй салынады