Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мемлекет қолдауы мықты

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Айбек Нұғымаров Абай ауданы Құндызды ауылында ауылшаруашылық саласының өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында үміткер партияның сайлауалды бағдарламасымен және алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жос-парымен таныстырды. Ол - аудан тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсету, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіп кешенін ілгерілету.
- Абай ауданы облыс бойынша ауылшаруашылық саласы тұрақты дамыған өңір. Жыл сайынғы өнім көрсеткіші де артып келеді. Мемлекет тарапынан бөлініп отырған жеңілдетілген несие түрлері мен субсидия мал шаруашылығын дамытуды жаңа арнаға қойып отыр. Асыл тұқымды мал саны артып, импортқа да шығарылып келеді. Аудан экономикасының тұрақты дамуы үшін ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар санын арттырып, мал басын көбейту қажет. Осы мақсатта Nur Otan партиясы арнайы бағдарлама әзірлеп, оны іске асырудың барлық инструменттерін қарастыратын болады, - деді кандидат.
Партияның жоспарына сәйкес, Абай ауданында алдағы уақытта мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында несиелік серіктестіктер саны артатын болады. Кездесуге жиналған ауылшаруашылық саласының өкілдері бірқатар сауалдарын жолдап, үкімет тарапынан қаралуына өтініш білдірді. 
Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облысы cайлау қорының қаражатынан төленді
Следующая →