Усть-Каменогорск
облачно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +15°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +15°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +9°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +13°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Үржардың үздік оқушыларына ноутбук сыйлады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының "Ел үміті" бастамасының аясында ауыл мектептерінің 5-6-шы сынып оқушылары арасында Ұлттық зияткерлік "Мың бала" олимпиадасы өткен болатын

Олимпиаданың мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау жасау. Білім жарысы екі кезеңнен тұрған еді.
- Алғашқы кезең биыл ақпанда сырттай ұйымдастырылған болатын. Ол еліміздің ауыл мектептерінің 5 және 6- сыныптағы 295 мың оқушыны қамтыды. 1685 ауыл мектебінен барлығы 5002 оқушы іріктелді. Олимпиаданың екінші кезеңі 2020 жылдың 21-22 тамыз күндері қатаң карантин талаптарына сай 19 Назарбаев Зияткерлік мектебі негізінде және аудан орталықтарындағы 34 пунктіде өтті, - деп мәлімдеген болатын ұйымдастырушылар қыркүйек айында олимпиаданы қорытындылау кезінде.
Өткен аптада облысмыздағы Үржар ауданынан аталмыш олимпиадаға қатысқан оқушылардың марапаттары табысталды.
- Ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары онлайн форматында қатысты. Ұлттық олимпиада қорытындысы бойынша ауданымыздың 10 мектебінен 16 оқушы жеңімпаз атанып, бағалы сыйлық ноутбуктарға ие болды, - деп мәлімдеді аудан әкімдігіндегілер. - Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен Бестерек орта мектебінің оқушысы Ж. Тазабеков Семей қаласындағы Білім инновация лицейіне, Момышұлы орта мектебінің оқушысы Н. Нұрәділұлы Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне, Сейфуллин орта мектебінің оқушысы Н. Муптиғазы Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқуға түсті.

Следующая →