Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Үржардың үздік оқушыларына ноутбук сыйлады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының "Ел үміті" бастамасының аясында ауыл мектептерінің 5-6-шы сынып оқушылары арасында Ұлттық зияткерлік "Мың бала" олимпиадасы өткен болатын

Олимпиаданың мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау жасау. Білім жарысы екі кезеңнен тұрған еді.
- Алғашқы кезең биыл ақпанда сырттай ұйымдастырылған болатын. Ол еліміздің ауыл мектептерінің 5 және 6- сыныптағы 295 мың оқушыны қамтыды. 1685 ауыл мектебінен барлығы 5002 оқушы іріктелді. Олимпиаданың екінші кезеңі 2020 жылдың 21-22 тамыз күндері қатаң карантин талаптарына сай 19 Назарбаев Зияткерлік мектебі негізінде және аудан орталықтарындағы 34 пунк-тіде өтті, - деп мәлімдеген болатын ұйымдастырушылар қыркүйек айында олимпиаданы қорытындылау кезінде.
Өткен аптада облысмыздағы Үржар ауданынан аталмыш олимпиадаға қатысқан оқушылардың марапаттары табысталды.
- Ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары онлайн форматында қатысты. Ұлттық олимпиада қорытындысы бойынша ауданымыздың 10 мектебінен 16 оқушы жеңімпаз атанып, бағалы сыйлық ноутбуктарға ие болды, - деп мәлімдеді аудан әкімдігіндегілер. - Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен Бестерек орта мектебінің оқушысы Ж. Тазабеков Семей қаласындағы Білім инновация лицейіне, Момышұлы орта мектебінің оқушысы Н. Нұрәділұлы Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне, Сейфуллин орта мектебінің оқушысы Н. Муптиғазы Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқуға түсті.
Следующая →