Усть-Каменогорск
облачно
+18°
  • Усть-Каменогорск
    +18°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +22°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +19°
  • Караганда
    +13°
  • Кокшетау
    +14°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +16°
  • Шымкент
    +20°
$
441.8
-1.92
480.02
-2.26
¥
61.06
-0.29
4.88
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-да полицейлер 15 млн теңгеге есірткі тәркіледі

Семей қаласының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ШҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып жергілікті тұрғыннан марихуана есірткі құралының ірі партиясын тәркіледі, оны сатушы Семейде өткізуді жоспарлаған

ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, ойын іске асыру үшін  ол қала аудандарының бірінде пәтер жалдап, сол жерде сатып алушылармен кездесіп, одан есірткі сатып алатын шартты орын туралы келіскен және марихуананы тасымалдау үшін   көлік жалдаған.
- Жедел іс-әрекеттер  нәтижесінде полиция қызметкерлері барлық жабық схеманы ашып, жалға алынған пәтердің мекенжайын анықтады, есірткінің аз мөлшерін сатып алып үлгерген  сатып алушылардың жеке бастары анықталды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Тінту барысында жалдамалы пәтерден ішінде марихуана салынған бес контейнер болған  үш  қорап алынды.  Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 54 келіні құрады, есірткі сатушы қара нарықта осы марихуана үшін 15 млн.теңге пайда табуды  жоспарлаған.

Ұсталған адамға қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған қылмыс үшін  10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 
Следующая →