Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да полицейлер 15 млн теңгеге есірткі тәркіледі

Семей қаласының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ШҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып жергілікті тұрғыннан марихуана есірткі құралының ірі партиясын тәркіледі, оны сатушы Семейде өткізуді жоспарлаған

ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, ойын іске асыру үшін  ол қала аудандарының бірінде пәтер жалдап, сол жерде сатып алушылармен кездесіп, одан есірткі сатып алатын шартты орын туралы келіскен және марихуананы тасымалдау үшін   көлік жалдаған.
- Жедел іс-әрекеттер  нәтижесінде полиция қызметкерлері барлық жабық схеманы ашып, жалға алынған пәтердің мекенжайын анықтады, есірткінің аз мөлшерін сатып алып үлгерген  сатып алушылардың жеке бастары анықталды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Тінту барысында жалдамалы пәтерден ішінде марихуана салынған бес контейнер болған  үш  қорап алынды.  Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 54 келіні құрады, есірткі сатушы қара нарықта осы марихуана үшін 15 млн.теңге пайда табуды  жоспарлаған.

Ұсталған адамға қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған қылмыс үшін  10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 
Следующая →