Усть-Каменогорск
ясно
+12°
  • Усть-Каменогорск
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +19°
  • Караганда
    +13°
  • Кокшетау
    +18°
  • Костанай
    +23°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шығыс Қазақстан облысында мәдениет үйі өртенді

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында екіқабатты мәдениет үйі ғимаратында өрт шықты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 желтоқсан күні таңертең Сегізбай ауылындағы мәдениет үйін қызыл жалын шарпыған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ағаш шатыр құрылымдары өртеніп жатты. 
- 50 минут ішінде жалпы ауданы 160 шаршы метрді құраған тілсіз жау ауыздықталды. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына пешті орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болуы мүмкін, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, ТЖ департаменті өңір тұрғындарына өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, барынша абай болу керектігін ескертеді.
Следующая →