Усть-Каменогорск
малооблачно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +12°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"Ұлы дала мұрагерлері" Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқиды

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі "Ұлы дала мұрагерлері" домбырашылар марафонынан бастау алды

NIS-тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлері орындалды.⠀

1 желтоқсанға Зияткерлік мектептер желісінде ауқымды бағдарлама жоспарланған. Мерекелік марафонды алғашқылардың бірі болып Өскеменде "Елбасы сүйген ел әні" бастады, бейнечеллендж Қарағандыдағы және Петропавлдағы Зияткерлік мектептерге жолданды.⠀
- Барлық Зияткерлік мектептерде "Бүгінгі шаңырақ  көшбасшылары – болашақ ел көшбасшылары" көшбасшылар форумы мен "Әлем таныған Елбасы" TEDx конференциялары, "Қазақстандық жол. Н. Назарбаев" виртуалды экскурсиялар мен "Ел тірегі – Елбасы" кітап көрмелері, "Елбасының қолтаңбасы" эссе және "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" сурет байқаулары, қайырымдылық акциялары, спорттық эстафеталар мен тимбилдингтер, "Елімнің бағы – Елбасы" атты концерттер мен өзге де шаралар жоспарланған, - деп мәлімдеді ШҚО-дағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі. - Мереке күндерінде барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қашықтан ұйымдастырылған "Туған елге тағзым" тарихи-өлкетанулық зерттеу экспедициясы өз мәресіне жетеді. Әрбір өңірде балалар төрт бағдардан өтті: тарихи мұра ("Ұлы Дала өркениеті"); табиғи қорық ("Туған өлкем – жұмақ мекен!"); мәдени мұра ("Ұлт руханияты – бабалар аманаты"); инновациялық даму ("Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует").
 
Следующая →