"Ұлы дала мұрагерлері" Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқиды
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі "Ұлы дала мұрагерлері" домбырашылар марафонынан бастау алды
NIS-тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлері орындалды.⠀
1 желтоқсанға Зияткерлік мектептер желісінде ауқымды бағдарлама жоспарланған. Мерекелік марафонды алғашқылардың бірі болып Өскеменде "Елбасы сүйген ел әні" бастады, бейнечеллендж Қарағандыдағы және Петропавлдағы Зияткерлік мектептерге жолданды.⠀
Следующая →
1 желтоқсанға Зияткерлік мектептер желісінде ауқымды бағдарлама жоспарланған. Мерекелік марафонды алғашқылардың бірі болып Өскеменде "Елбасы сүйген ел әні" бастады, бейнечеллендж Қарағандыдағы және Петропавлдағы Зияткерлік мектептерге жолданды.⠀
- Барлық Зияткерлік мектептерде "Бүгінгі шаңырақ көшбасшылары – болашақ ел көшбасшылары" көшбасшылар форумы мен "Әлем таныған Елбасы" TEDx конференциялары, "Қазақстандық жол. Н. Назарбаев" виртуалды экскурсиялар мен "Ел тірегі – Елбасы" кітап көрмелері, "Елбасының қолтаңбасы" эссе және "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" сурет байқаулары, қайырымдылық акциялары, спорттық эстафеталар мен тимбилдингтер, "Елімнің бағы – Елбасы" атты концерттер мен өзге де шаралар жоспарланған, - деп мәлімдеді ШҚО-дағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі. - Мереке күндерінде барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қашықтан ұйымдастырылған "Туған елге тағзым" тарихи-өлкетанулық зерттеу экспедициясы өз мәресіне жетеді. Әрбір өңірде балалар төрт бағдардан өтті: тарихи мұра ("Ұлы Дала өркениеті"); табиғи қорық ("Туған өлкем – жұмақ мекен!"); мәдени мұра ("Ұлт руханияты – бабалар аманаты"); инновациялық даму ("Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует").