Усть-Каменогорск
облачно
+3°
  • Усть-Каменогорск
    +3°
  • Алматы
    +7°
  • Нур-Султан (Астана)
    +4°
  • Актобе
    +3°
  • Форт-Шевченко
    +13°
  • Атырау
    +7°
  • Караганда
    +4°
  • Кокшетау
    +2°
  • Костанай
    +2°
  • Кызылорда
    +10°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    +7°
  • Шымкент
    +7°
$
488.45
-3.25
529.19
-2.09
¥
68.59
-0.31
5.04
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскеменде ит пен мысық атуға 15 млн теңге бөлінген

Өскеменде иесіз иттердің саны күн санап артып келеді. Соған сай тұрғындардан түсетін арыз-шағымдар да жиілей түсті. Биыл иесіз ит пен мысық атуға 15 млн теңге қаржы бөлінді

Қыс келісімен саяжайларда иесіз қалған иттер елді мекендерге ойыса бастайтыны белгілі. Ауылдың алты айырығынан ағылып келген төбеттер топтасып, азығын ауылдан іздейді. Десе де, азулары майланбаған соң төрт аяқтылардың тұрғындарға тап беретін сәттері де жиілей түскен.
- Ахмер ауылында иесіз иттер күн санап көбейіп келеді. Әсіресе таңертеңгі уақыттарда үйлердің маңайы мен көшелерде кезіп жүреді. Түрлері өте қорқынышты. Маңайдағы күл-қоқыстардан азық іздейді. Өткенде жұмысқа бара жатқанда қауып ала жаздады. Сәл-ақ қалды. Жұмысқа барайын деп аялдамаға қарай кетіп бара жатыр едім, артымнан біреу келе жатқандай болды. Қарап қалсам бір ит таяп қалыпты. Қалған екеуі артында жол жиегіндегі шөптердің арасын тіміскілеп жүр. Қорыққанымнан айғай салдым. Онымнан еш пайда болмады. Керсінше тістерін ақситып ырылдап тұра қалды. Қалған екеуі де келе жатыр. Еш дәрменсіз күйде қалдым. Қолымда тас та, таяқ та жоқ. Бір кезде жанымнан өтіп бара жатқан көліктен бір ер адам түсіп, иттерді қуып жіберді. Егер ол кісі жолықпаса, не боларымды кім білсін, - дейді Айман есімді ауыл тұрғыны.
Жауапты мекеменің басшылығы иесіз иттердің көбеюіне тұрғындардың да кінәсі бар екенін айтты. 
- Қаңғыбас иттердің көбеюіне тұрғындардың да кінәсі бар. Себебі жаз айларында саяжайларда күшік асырап, күзде өздері қалаға кетіп қалады. Қыс түсе ашыққан ит-күшік елді мекендерге ене бастайды. Сол сәттен бастап бізге адамдардан арыз-шағым түсе бастайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 13 млн теңге қаржы бөлініп, 2568 ит және 226 мысық атылды. Ал биыл осы мақсатта 15 млн теңге бөлініп отыр. Нәтижесінде бүгінге дейін 3634 ит пен 656 мысық атылды. Бізде ит ататын екі жұмыс тобы ғана бар болғандықтан кей кездері уақтымен бара алмай жатамыз. Десе де, тұрғындардың өтініштерін қараусыз қалдырып көрген жоқпыз, - дейді ШҚО Ветеринария басқармасының "Өскемен вет" ШЖҚ КМК директоры Самат Мұхтарханұлы.
Сіз тұрған көшеде қаңғыбас иттер қаптап жүрсе, 57-41-69 немесе 51-21-38 телефон нөмерлеріне хабарласып, өтініш қалдыра аласыздар. 
Следующая →