Усть-Каменогорск
облачно
-1°
  • Усть-Каменогорск
    -1°
  • Семей
  • Алматы
    +6°
  • Риддер
    -2°
  • Астана
  • Актобе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
  • Костанай
    -3°
  • Кызылорда
    +7°
  • Павлодар
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +8°
  • Уральск
    -1°
  • Шымкент
    +3°
$
499.83
+1.74
581.5
+4.16
¥
72.47
+0.28
6.42
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-да бір күнде 1500-ден астам әкімшілік құқық бұзу фактісі анықталды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері бір күн ішінде 1500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және ескерту мақсатында 23-30 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өткізілуде. 
Бір күн ішінде полиция қызметкерлері 20 қылмысты және осыған дейін жасалған 25 қылмыстық істі ашты. 
- Шара барысында тәртіп сақшылары 1590 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде ұсақ бұзақылық жасаған – 181, алкогольді ішімдік ішіп алып қоғамдық орындарда жүрген – 291, мас күйде көлік тізгіндеген – 17 адам болды. Бұдан бөлек, тіркеуге алынғандар арасында белгіленген шектеулерді бұзудың 15, қорғау нұсқамасын аттаудың 18 фактісі анықталған, - деді департамент бастығы Сағат Мәдиев.
Полицейлер заңсыз сақталған 8 атыс қаруын тәркіледі. Мәселен, тексеру барысында 66 жастағы Көкпекті ауданы тұрғынының гаражынан 16-калибрлі тегіс ұңғылы мылтық табылған. Қазірде аталған факті бойынша баллистикалық сараптама тағайындалды. Осы ретте, департамент өкілдері қандай да бір заңбұзушылыққа куә болған өңір тұрғындарын бірден «102» арнасына хабарлауға шақырады.

Следующая →