Усть-Каменогорск
пасмурно
+6°
  • Усть-Каменогорск
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +20°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +13°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семейдегі ағаш өңдеу цехында өрт шықты

Семей қаласындағы ағаш өңдеу цехында өрт шықты. Жалынның жалпы аумағы 120 шаршы метрге жеткен

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 23 қарашада сағат 19.10 шамасында Елемесов көшесіндегі ағаш өңдеу цехында өрт шыққан. 
- Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Шатырдың ағаш құрылымдарын шарпыған қызыл жалынның жалпы аумағы 120 шаршы метрге жеткен. Сондай-ақ от жиһазға, жеке заттар мен есікке жайылған. Өртті өшіру кезінде құтқарушылар цех ішінен 27 литрлік 2 газ баллонын сыртқа алып шығып үлгерді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
30 минут ішінде тілсіз жау толықтай сөндірілген. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану немесе электр жабдықтарының апаттық режимі себеп болуы мүмкін.

Следующая →