Усть-Каменогорск
пасмурно
+19°
  • Усть-Каменогорск
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +7°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-дағы Тұғыл ауылына су тартқан мердігерді сотқа берді

"Күлтөбенің басында күнде жиын" дегендей, тұғылдықтар жөндеу жүріп жатқан жерге жиі жиналады. Бірер күн бұрын ғана ауыл халқы жиналып, қолдарына плакат ұстап тағы келген

Бүгінде "Ақ бұлақ" бағдарламасы аясында елді мекендер таза ауызсумен қамтамасыз етіліп жатқаны белгілі. Газетіміздің өткен сандарында Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында сапасыз жұмыстың салдарынан ауызсу тартылса да тұрғындардың әлі суға жарымай отырғаны туралы жазғанбыз. Жергілікті билік бұл мәселенің көп ұзамай шешім табатындығын айтқан болатын. Десе де, "әкімдіктің жалған уәдесіне тойып болдық" деп ашынған жұрт облыс әкімдігінен мәселені жуық арада шешіп беруін талап етуде. 

"Күлтөбенің басында күнде жиын" дегендей, тұғылдықтар жөндеу жүріп жатқан жерге жиі жиналады. Бірер күн бұрын ғана ауыл халқы жиналып, қолдарына плакат ұстап тағы келген. 

2018 жылы "Ақ бұлақ" бағдарламасы бойынша су құбырының құрылысы басталғанда ауыл тұрғындарының қуанышы қойнына сыймай, құрылыс жұмыстарының аяқталуын тағатсыздана күткен. Өйткені тұғылдықтар көшенің басында тұрған құдықтан су тасып шаршаған. Бір жылдан кейін жобаға сай құрылыс жұмыстары аяқталып, әр үйге орталықтандырылған су жүйесі тартылған. Бірақ құбыр арқылы үйге келіп тұрған судың қызығын тұрғындар 3-4 ай ғана көрген. Өйткені су сыздықтап мандымайды, оның үстіне соңғы кезде лай су ағады екен. Содан бері қрайған халықтың күні қарақұдыққа түсті. 
- Мәселені бұған дейін де бірнеше рет көтердік. Бірақ әлі еш нәтиже көріп отырған жоқпыз. Осылай тұрғындар жиналғанда ғана әкімдіктен көзбояушылық қылып адамдар келеді де "әне істейміз, міне істейміз" деген құр уәдемен кетіп қалады. Бізге уәде беретін адам емес, мәселемізді шешіп беретін басшы керек. Қазір бүкіл ауыл тұрғындары бірігіп, жер құдықтан су тасып ішіп отыр. Енді, міне, күн суытып келеді. Құдықтың суы қатып қалуы мүмкін. Сол кезде суды қайдан тасып ішеміз? Тіпті, ол жерде карантин талабы мен тәртібі мүлдем сақталмайды. Ауру жұқтырып алмасымызға кім кепіл? Алда қыс келе жатыр. Жұмысты неге сапалы істемейді? Зардабын тұрғындар көріп отыр. Басшылық біздің бұл мәселемізді тез арада шешіп берсе дейміз. Тендерді ұтып алған Қайрат Нәбиев болатын. Ақшаны алды, суды тартты. Үйге кіргіздік, есептегіш қойдық. Келісімшартқа отырдық. Мынандай лай суды бізге жібереді анда-санда. Халық осы лай суды ішіп жатыр, - дейді Нәзипа Кешубаева.
"Құрғақ қасық ауыз жыртады" дегендей тұрғындар биылғы қысты ауызсусыз өткіземіз бе деп алаңдаулы. 
- Жауапты мамандар жұмыс істеп жатқан жоқ. Неше ай болды. Әлі қазылып, жамалып бітпеген дүние сол қалпында жатыр. Аудандық әкімдіктегілер облысқа "істеп жатырмыз" деп есеп беріп, істің бетін жылы жауып жатыр, - дейді ауыл тұрғыны Нәзипа Кешубаева.
Осы орайда мәселенің мән-жайын анықтау үшін аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне хабарластық. 
- Аталған ауылда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Резервуардың ішіне қалыңдығы 10 см бетон құйылып жатыр. Қазір қыркүйекке жоспарланған жөндеу жұмыстары жүргізіліп болды. Өкінішке қарай, ол жұмыстардан қажетті нәтиже болмады. Енді сарапшы мамандарды шақыртып, келесі жоспарға сай жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінгі таңда тұрғындар ескі су құбырларын пайдаланып отыр. Су қоры аз болғандықтан таңғы 5.00-ден кешкі 20.00-ге дейін ғана су қосылып тұрады. Тағы бір айта кететіні, біз мердігер компанияны сотқа бердік. Қазір тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың нақты қашан аяқталатыны әлі белгісіз. Жоспарға сай жиыны 200 метр қазылуы керек, - дейді аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Серік Сабырбаев.

Следующая →