Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО оқушылары үшін 3754 дана планшет, 880 компьютер дайын

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында облысымызға  4 млрд 105 млн 381 мың теңге бөлінді

2020-2021 оқу жылының басында 647 мемлекеттік мектептің 271-і қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып штаттық режимде 373 мектеп білім алуда. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында биыл Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен біздің облысымызға 4 млрд 105 млн 381 мың теңге бөлінді.

ҚР Үкіметі резервінің қаражаты есебінен компьютерлік техниканы сатып алу "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің, жергілікті атқарушы органдардың, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері, депутаттар, тәуелсіз байқаушылар кірген жұмыс тобының қатысуымен ашық өткізілді. Бүгінгі күні компьютерлік техниканың кезекті партиясы келді және ол техникалық ерекшелікке сәйкестігі, зақымданудың бар-жоғы тексерілді.
- Қазіргі таңда 3754 дана планшет, 880 компьютер толық көлемде беруге дайын. Алдағы уақытта 1879 дана компьютерлердің қалған бөлігін және аптаның соңына дейін ноутбуктердің қалған бөлігін жеткізу жоспарланып отыр, - деп мәлімдеді "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі.
Бұл үдерістің ашықтығын аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері кіретін арнайы жұмыс комиссиясы қадағалайтын болады.
Следующая →