Усть-Каменогорск
ясно
+12°
  • Усть-Каменогорск
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +19°
  • Караганда
    +13°
  • Кокшетау
    +18°
  • Костанай
    +23°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

«Бір-бірімізге жақсы сөз айтайық»

Шығыс Қазақстан өнер музейінде Қазақстан Республикасының Тілдер күніне орай «Бір-бірімізге жақсы сөз айтайық» атты мерекелік іс-шара өтті

Шараға  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы №3477 әскери бөлімі қызметкерлері мен әр ұлт өкілдері қатысты. 

- Шараның мақсаты – отандастарымызды береке-бірлікке шақыру. Татулықты дәріптеу. Өңірдегі әр ұлт өкілдерінің басын өнер ошағында біріктіріп, мерекелік шара өткізіп отырмыз, - дейді Өнер музейінің қызметкері Сыйлық Кашей.

Шара барысында Өнер музейінің экспозициялық көрме секторының меңгерушісі Есенбол Нақтыбайұлы өзінің «Ана тілің - асыл қазына» атты арнауын арнады. Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер учлищесінің мұғалімдері Мадина Катайханова мен Архат Рахимов Құрманғазының «Балбрауын» күйін күмбірлетсе, Наталья Кузнецованың жетекшілігімен беларус ұлт өкілдерінің «Гармония» вокалдық тобы мемлекеттік тілде ән шырқады. Бұдан бөлек Любовь Феофанова әдемі лирикалық ән әуелетсе, музей қызметкері Гүлнар Перкова шараны «Саржайлау» әнімен қорытындылады. 


Следующая →