Усть-Каменогорск
ясно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +19°
  • Актобе
    +20°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +20°
  • Костанай
    +15°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +20°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жарма ауданында асыл тұқымды бұқалардан ұрық алу зертханасы ашылмақ

Шалабай ауылындағы "Шалабай" асыл тұқымды мал зауыты қазақтың ақ бас тұқымды ірі қарасын өсіріп отыр

- Жұмыс сапарыммен Шалабай ауылында болып, мұндағы "Шалабай" асыл тұқымды мал зауыты жұмысымен таныстым. Қазақтың ақ бас тұқымды ірі қарасын өсіріп, оны дамытып отырған шаруашылық жаңа деңгейге көтерілмек. Яғни, ірі қараны қолдан ұрықтандыру арқылы еліміздің бес бірдей облысындағы мал басын түрлендіру ісіне күш салатын болады, - дейді аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин.
Оның айтуынша, шаруашылық жас бұқаларды зерттейтін канадалық жүйені енгізуді қолға алған. Соның нәтижесінде аталған ауылда асыл тұқымды бұқалардан ұрық алу зертханасы салынуда. Зертхана келер жылы пайдалануға берілмек. 
- Қажетті қондырғы сатып алынып, арнайы мал орыны да бекіген. Сонымен қатар, асыл тұқымды бұқалардан ұрық алу зертханасы құрылысы да басталған. Жаңа үлгіде салынатын бұл орын келер жылы қолданысқа беріліп, еліміздің бірнеше облысын қажетті ірі қара тұқымымен қамтамасыз ететін болады. Осылайша шаруашылық еліміздегі асыл тұқымды төл басын ұлғайтумен қатар, мал басын түрлендіру ісіне кешенді жұмыс жасайды, - дейді аудан әкімі.
Ауылдық елді мекендерде атқарылып жатқан бұл жұмыстың аудан экономикасына да айтарлықтай оң әсер ететіні белгілі. Бұл бастама Жарма ауданынан тыс өзге аудан-ауылдарда да мықтап қолға алынса, шаруашылығымыз шалқи түсер еді.
Следующая →