ШҚО-да ауылдарға автобус жүре бастады
Шығыс Қазақстан облысында 31 тамыздан бастап кей карантиндік шектеулер алынып тасталды. Облыстың бас мемлекеттік санитар-дәрігері Марат Исмаилов 16 тамыздағы № 21 Қаулыға өзгерістер енгізді
Осы өзгерістерге сәйкес облыс аудандары мен қалалары арасында қала маңындағы жолаушылар пойыздары және қалааралық автобус қатынасының жұмыс істеуіне қойылған шектеулер алынды. Яғни, енді тұрғындар облыс ішіндегі аудандар мен қалаларға автобус, пойызбен бара алады.
Алайда такси жүргізушілерінің жолақыны көтеріп жібергенін және таксиде ешқандай сақтық, тазалық шаралары сақталмайтынын ескерсек, діттеген жерге автобуспен жету қауіпсіз. Өйткені автобекет барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтап, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жағдай жасап отыр.
Следующая →
- Автовокзал ашылды. Облыс ішіндегі барлық бағыттарға билеттер сатылымда. Тұрғындар билеттерді кассадан немесе онлайн ала алады, - дейді Өскемен қаласындағы автовокзал директоры Алмаз Бейсенғазин.Қаулы жарияланғалы санаулы күндер ғана өтті, әзірге автобекет жағалаған халық қарасы сирек. Алыс-жақын ауылдарға таксимен барып үйреніп қалған сыңайлы.