Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да ауылдарға автобус жүре бастады

Шығыс Қазақстан облысында 31 тамыздан бастап кей карантиндік шектеулер алынып тасталды. Облыстың бас мемлекеттік санитар-дәрігері Марат Исмаилов 16 тамыздағы № 21 Қаулыға өзгерістер енгізді

Осы өзгерістерге сәйкес облыс аудандары мен қалалары арасында қала маңындағы жолаушылар пойыздары және қалааралық автобус қатынасының жұмыс істеуіне қойылған шектеулер алынды. Яғни, енді тұрғындар облыс ішіндегі аудандар мен қалаларға автобус, пойызбен бара алады.
- Автовокзал ашылды. Облыс ішіндегі барлық бағыттарға билеттер сатылымда. Тұрғындар билеттерді кассадан немесе онлайн ала алады, - дейді Өскемен қаласындағы автовокзал директоры Алмаз Бейсенғазин.
Қаулы жарияланғалы санаулы күндер ғана өтті, әзірге автобекет жағалаған халық қарасы сирек. Алыс-жақын ауылдарға таксимен барып үйреніп қалған сыңайлы.

Алайда такси жүргізушілерінің жолақыны көтеріп жібергенін және таксиде ешқандай сақтық, тазалық шаралары сақталмайтынын ескерсек, діттеген жерге автобуспен жету қауіпсіз. Өйткені автобекет барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтап, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жағдай жасап отыр.
Следующая →