Усть-Каменогорск
ясно
-21°
  • Усть-Каменогорск
    -21°
  • Алматы
    -7°
  • Нур-Султан (Астана)
    -9°
  • Актобе
    -12°
  • Форт-Шевченко
    +3°
  • Атырау
    -3°
  • Караганда
    -13°
  • Кокшетау
    -12°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -7°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    -4°
$
514.93
-0.96
536.04
-0.28
¥
70.55
-0.15
5.18
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-да 1-сынып оқушылары ұстаздарымен қашықтан танысады

Биыл дәстүрлі түрде алғашқы коңырау салтанатты түрде болмаса да, бастауыш сынып мұғалімі Динара Жаманбалинова әдеттегідей жаңа оқу жылына дайындалады

Ол оқушылармен қашықтықтан танысып, бейнеқоңырау арқылы балалармен тілдеседі.
- Оқушылардың тізімін алдым. Әрбір баланың қай балабақшаға барғанын және кімнің қандай қызығушылығы барын анықтадым. Сонымен қатар, оқушылардың осы күнге дейін қол жеткізген жетістіктерімен танысып, жаңа лайфхак ойлап таптым. Лайфхак бойынша балалар менімен бейнеқоңырау арқылы тілдескен сәтте аты-жөндерін қағазға жазып қоятын болады, - деді Динара Ерланқызы. – Бұл жай ғана дүние болып көрінгенімен, бірінші сынып табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршін үшін өте маңызды. Әрине, кейін балалардың аты-жөнін жаттап алған соң олар бұл қағаздарды қолданбайтын болады. Алайда алғашқы онлайн сабақта осы әдісті қолданамыз.

Бірінші сыныпқа баратын балалардың бәрлығы үй жағдайында білім алмайды. Ата-аналардың өтініші бойынша кезекші сыныптар жұмыс істейді. Онда 15 адамнан артық болмайды. Балалар барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, мектепке келе алады. Қазір педагогтар онлайн режимнен бөлек, штаттық режимде білім беру үшін сабақ кестесін ыңғайластыруда.

- Төртінші тоқсанмен салыстырғанда, осы жолы мектеп ұжымы мен әкімшілігіне осы бағытта сабақ беруге дайындалуға уақыт болды, – деді «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған валеологиялық мектеп» директоры Наталья Ахаева. – Биылғы оқу жылында мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жиһаздар мен техникаларды ауыстырып қана қоймай, жаңа оқыту жүйесін пысықтап үлгердік. Жаз бойы педагогтар вебинарлар, тренингерге, конференцияларға қатысып, білімдерін шыңдады. Барлығы пандемия кезіндегі дұрыс оқытудың маңызы зор екенін бір кісідей түсінеді. Мен ШҚО білім басқармасының атқарған зор жұмысы үлкен нәтиже беретініне сенемін. Өйткені енді мұғалімдер жаңа оқу формасына дайын, - деді Наталья Васильевна.

Енді кітап пен дәптердің орнына оқушылар үшін смартфон мен компьютердің болуы өте маңызды. Мұғалімдердің көмегі арқылы балалар арнайы бағдарламаны жазып, сол бойынша үй тапсырмасын орындап, білім алады. Тапсырманы дұрыс орындаудан бөлек, дедлайнды сақтау маңызды екенін айта кеткен орынды. Әрбір сабақ бойынша берілген тапсырманы орындауға регламент белгіленеді. Кейін сол бойынша балаларға баға қойылады. Сондықтан қашықтықтан оқу барысында босаңсуға болмайды.

Мектеп психологы Марина Зажигинаның айтуынша, баланың бақылаусыз қалып, босаңсуына жол бермей, оның оқуға деген жауапкершілігін арттыру керек.

- Класстың ортақ чатында әрбір баламен жеке сөйлесу қажет. Балалар сағат 8.15-те байланысқа шығуы керек. Онлайн сабақ барысында әрбір баламен жұмыс жасалады. Егер оқушы пәнді оқыту кезінде барлығын түсінсе, + белгісін қою тиіс. Бұл балаларға олардың әрдайым бақылауда екенін ұғынуға мүмкіндік береді, - деді Марина Зажигина.

Осындай әдіс-тәсілді педагог мамандар, білім саласының мамандары мен әкімшілігі ортақ чаттарды қолданады. Мұғалімдер үшін де қашықтықтан оқыту жаңа әдіс болғандықтан, мамандарға ата-аналардың қолдауы қажет. Олардың ескертулері мен ұсыныстары педагогикалық жиналыстарда талқыланып, онлайн оқытуды тиісті өткізуге септігін тигізеді.
Следующая →