Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскеменде орташа жөндеуден өткен жолдардың сапасы тексерілді

Облыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен бірге "Сапалы жол" жобасы жүзеге асырылуда

Мақсаты – автокөлік жолдарын жөндеу және салу кезіндегі сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарды жоюға бағытталған. 

Осы орайда 24 тамыз күні "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахыт «Сапалы жол» жобасы аясында Өскемен қаласындағы Шәкәрім даңғылы мен Чехов, Өтепов, Шоссейная көшелеріндегі орташа жөндеуден өткен автожолдардың сапасымен танысты.

Жоғарыда аталған автожолдардағы орташа жөндеу жұмыстарын "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында "КШТ Строй" ЖШС, "ВостокВзрывпром" ЖШС, "ДСУ-11" ЖШС, "Катон-Карагайское ПДУ" ЖШС сынды мердігер компаниялары орындауда.

Мониторинг барысында асфальтты арнайы құрылғымен ойып, оның құрамы мен жобаға сай стандарты сараланады. Зертханалық тексеріске 3-4 күн уақыт кетеді. Егерде тексеріс барысында қандай да бір олқылықтар анықталса, мердігер ұйымдарға ескерту жасалып, кемшіліктердің орнын толтыру үшін уақыт беріледі. Берілген уақытқа сәйкес мердігер ұйым олқылықтардың орнын толтырмаған жағдайда жауапкершілікке тартылады.

Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы облыстың барлық қала, аудандарында салынып жатқан жол сапасын тұрақты түрде бақылайтын болады.
Следующая →