Өскеменде орташа жөндеуден өткен жолдардың сапасы тексерілді
Облыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен бірге "Сапалы жол" жобасы жүзеге асырылуда Мақсаты – автокөлік жолдарын жөндеу және салу кезіндегі сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарды жоюға бағытталған. Осы орайда 24 тамыз күні "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахыт «Сапалы жол» жобасы аясында Өскемен қаласындағы Шәкәрім даңғылы мен Чехов, Өтепов, Шоссейная көшелеріндегі орташа жөндеуден өткен...