Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қазір той тойлап, ас беретін уақыт емес

Тойшыл елді пандемия да тоқтата алмай тұр

Аймағымызда жұқпалы індеттің таралу қаупінің өршуі себепті шектеу шаралары мен карантин енгізілсе де, жергілікті халық өз дегенін істеп әлек. Осы келеңсіздіктің кесірінен күннен-күнге коронавирус ауруына шалдыққан адамдар көбеюде.

Жергілікті БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы халық бұл аурудың қаупін өте жақсы білсе де, елемейтін сыңайлы. Көшеде бетперде киіп жүрген адамдар бірен-саран. Қоғамдық орындарда да осы жағдай. Бұл қайта бергі жағы, қазіргі төтенше жағдай уақытында адамдар тіпті жиналып ас беріп, той тойлап жүр.

Сақтансаң - сақтайды


Өскеменнің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Михаил Дерябиннің айтуынша, Күленов кенті, Халықтар достығы көшесіндегі мейрамханалардың бірінде өткен тойдан соң 16 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды деген күдікке ілінген. Барлығы провизорлық стационарларға жатқызылып, қажетті зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен соң, 9 адамның нәтижесі расталған. Жұқпалы дерттің таралу қаупі жоғары негізгі орын - тойлар мен ас беру орындары. Егер де өз өміріңізді және туған-туысқандарыңыздың өмірін сақтағыңыз келсе, осылардан саналы түрде бас тартыңыз. Жаратқан сақтанған адамды ғана сақтайды.

"Таяқтың екі ұшы болады" демекші...


Негізі қазір әркімнің осы індеттің тырнағына ілінген танысы бар. Оны естіген, көрген адамда үрей болмайды емес, болады. Бірақ той - қазақтың қазынасы деп білетіндер көптен күткен қуанышты қайткен күнде де тойлауды жөн санайтын сынды. Белді тәуекелге буып, алыс-жақынды шақырып, тойын да жасап, асын да беріп әлек. Бір жағынан қыз ұзатып, ұл үйлендіруді кейінге шегере беру де дұрыс емес шығар. Ересектер екі жастың үлкен өмірге қолұстасып бірге аттанар жолын кеспеген абзал деп білер. Таныс-туысың өмірден озғанда мәңгілік сапарына шығарып салып, қоштасып қалмасаң да қиын. Бірақ қазіргі жағдайды ескеріп, коронавирустан сескеніп барып әрекет ету керек болып тұр қазір. 

- Күздің қара суығында қалыңдығыма сырға таққан едік, - деді Болатхан есімді Өскемен қаласының тұрғыны. - Құдаларымыз Алтай ауданында тұрады. Бұйырса, тойды Өскеменнің маңдайы жарқыраған мейрамханаларының бірінде қар еріп, жер қарайған сәуірде дүркіретіп жасамақ болып келістік. Той - жақсылықтың жоралғысы, ырым ғой. Той уақыты жақындаған сайын көңіл алаң, жағдай күпті, мына коронавирус деген індет шығып, бәріне шектеу қойылды, қайтерімізді білмедік. Оның үстіне сәуірдің басында жасы келген қарт әжеміз қайтыс болып, мүлдем есіміз шықты. Ас беруге алмағайып уақыт мұрша бермеді, ат төбеліндей адамдарды шақырып, жаназасын шығарып, құран оқыттық. Осыдан соң жағдайларға байланысты ары созып, бері созып жүрдік. Бірақ осы жақында ғана үйлендім. Өз ауылымызда шатыр құрып, тойды жасадық. Бала кезімізде ауыл-аймақ осылай жасаушы еді. Ауру-сырқаудан ада болдық, дегенмен, атың өшкір пәледен қорқады екенсің. Бірақ тойды жасамауға және болмады. Басқасын білмеймін, мен өмірімде алғашқы рет үйленіп отырмын, соңғысы болар деп ойлаймын.

Ауру белгілері байқалса - бірден хабарласыңыз!

Шығыс Қазақстан облысының бас пульмонолог дәрігері Зағрипа Әбдиева тұрғындарға карантиндік шектеу шараларын қатаң сақтау керектігін ескертті.
- Далаға шыққанда міндетті түрде бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыздар. Егер де ойламаған жерден сізде жұқпалы дерттің қандай да бір белгілері байқалса, өз бетіңізше емделу жолдарын іздемей, мекенжайыңыз бойынша отбасылық амбулаторияға хабарласыңыз. Әр амбулаторияда арнайы мамандар әзірленген. Олар үйіңізге келіп, сізден COVID-19-ға сынама алып, ұдайы бақылау жүргізеді. Егер вирус анықталып жатса, тиісті шаралар қабылданады, - дейді дәрігер.
Сөзіміздің соңында Құдай тағаланы, ажалды және сырқатты естен шығармау керектігін айта кетейік...
Следующая →