Ауыл ішіндегі жол жаман еді
Тарбағатай ауданындағы Ақсуат ауылында көше жолдары жөнделуде
Тарбағатай ауданына қарасты Ақсуат ауылында көше жолы жөнделуде. "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында аталған мақсатты жүзеге асыруға 85 миллион теңге қаражат қарастырылған.
Ауыл ішілік жаңа жолдың құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғындар діттеген жеріне кедергісіз жете алады дейді мердігерлер.
Бұған дейін көше ішіндегі шұрық тесік жолдар көлік қатынасына едәуір кедергі келтіргені айтылған еді. Енді, міне, айтылған мәселе шешімін тапты.
Следующая →
Ауыл ішілік жаңа жолдың құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғындар діттеген жеріне кедергісіз жете алады дейді мердігерлер.
Бұған дейін көше ішіндегі шұрық тесік жолдар көлік қатынасына едәуір кедергі келтіргені айтылған еді. Енді, міне, айтылған мәселе шешімін тапты.
- Бұл орталық көше жолы болғандықтан жүргіншілер көп. Десе де жол бұған дейін жөндеу көрмегендіктен әрбір жері ойылып қалған . Енді, міне, жаңа жол салынды. Алаңсыз жүре беретін болдық, - дейді ауыл тұрғыны Тұрсынғали Қасенғазин.Айта кетейік, Тарбағатай ауданындағы Ақсуат ауылында 6 мыңға жуық адам тұрады. Жылдағы аудан әкімінің есептік кездесуінде ауыл ақсақалдары жол мәселесін жиі көтеріп келді. Енді түйіткілді мәселенің түйіні тарқап, игілікті іс қолға алынбақ. Өткен жылы 400 миллион теңге қаражат Тарбағатай ауданының автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген. Ол жылы жолдың тек 20 шақырымы жаңаланды. Ал Ақсуат ауылында жоспарланған жұмыс 5 маусым күні басталды. Қабанбай көшесінің жартысынан астамы бүгінгі таңда жөнделді. Құрылыс жұмыстарына 10 адам тартылған. Мердігерлер өз кезегінде осы айдың соңына дейін жолды ашамыз дейді. Ағымдағы жылы Тарбағатай ауданындағы Қабанбай ауылының ішкі жолдарын да жөндеу жоспарланған.