Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Биыл облысымыздағы 648 мектептің 8204 оқушысы 11-сыныпты тәмамдады. 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуде барлық санитарлық-эпидеиологиялық шаралар қатаң сақталады
- Биыл бізді бір қуантқан жағдай – жылдан жылға мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ тапсырып, ЖОО-ға түсуге ынталары артып келе жатыр. Мысалы, былтыр түлектердің 76%-ы өтініш білдірсе, биыл 84,4%. Бұл дегеніміз – білім қуған жастардың көбейіп келе жатқанынан анық хабар береді, - деді облыстық Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.
- Биыл Өскемен мен Семей қалаларындағы мектеп түлектерінің 394-і шетелде оқымақ. Себебі отбасыларымен бірге қоныс аударады екен. Бүгінде түлектердің 40%-дан астамы өңіріміздегі жоғары оқу орындарында білім алуға ниет білдірді. Ал қалғандары еліміздің өзге аймақтарында білім алуды жоспарлап отыр, - деді Сайрангүл Жұмаділова.