Өскемен
ясно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +28°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +28°
  • Көкшетау
    +28°
  • Қостанай
    +27°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +28°
  • Тараз
    +26°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +29°
$
507.8
-0.62
580.82
+0.10
¥
70.66
-0.11
6.44
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Биыл өңірдегі 394 түлек шетелге оқуға кетпек

Биыл облысымыздағы 648 мектептің 8204 оқушысы 11-сыныпты тәмамдады. 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуде барлық санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қатаң сақталады

Облыста 16 ҰБТ өткізу пункті жабдықталды, оның ішінде 4 аймақтық университет пен 12 орта мектеп бар. Бұл жайлы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында айтылды.

- Биыл бізді бір қуантқан жағдай – жылдан жылға мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ тапсырып, ЖОО-ға түсуге ынталары артып келе жатыр. Мысалы, былтыр түлектердің 76%-ы өтініш білдірсе, биыл 84,4%. Бұл дегеніміз – білім қуған жастардың көбейіп келе жатқанынан анық хабар береді, - деді облыстық Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Әгәрәки ҰБТ тапсырушы түлектер тест кезінде тыйым салынған заттармен ұсталса, аудиториядан шығарылады және тест нәтижесі, білім беру гранты жойылады. Бұрын тестілеу 3 сағат 50 минут болса, қазір 10 минут қосылып, 4 сағатқа ұзартылды. 

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен қолға алынған "Білікті маман" жобасының аясында облыста шетелде білім алғысы келетін түлектердің саны азайған.

- Биыл Өскемен мен Семей қалаларындағы мектеп түлектерінің 394-і шетелде оқымақ. Себебі отбасыларымен бірге қоныс аударады екен. Бүгінде түлектердің  40%-дан астамы өңіріміздегі жоғары оқу орындарында білім алуға ниет білдірді. Ал қалғандары еліміздің өзге аймақтарында білім алуды жоспарлап отыр, - деді Сайрангүл Жұмаділова.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ҰБТ 8204 түлек