Усть-Каменогорск
пасмурно
-6°
  • Усть-Каменогорск
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -11°
  • Актобе
    -11°
  • Форт-Шевченко
    +3°
  • Атырау
    -3°
  • Караганда
    -10°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -10°
  • Кызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Уральск
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Биыл өңірдегі 394 түлек шетелге оқуға кетпек

Биыл облысымыздағы 648 мектептің 8204 оқушысы 11-сыныпты тәмамдады. 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуде барлық санитарлық-эпидеиологиялық шаралар қатаң сақталады

Облыста 16 ҰБТ өткізу пункті жабдықталды, оның ішінде 4 аймақтық университет пен 12 орта мектеп бар. Бұл жайлы ШҚО ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында айтылды.

- Биыл бізді бір қуантқан жағдай – жылдан жылға мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ тапсырып, ЖОО-ға түсуге ынталары артып келе жатыр. Мысалы, былтыр түлектердің 76%-ы өтініш білдірсе, биыл 84,4%. Бұл дегеніміз – білім қуған жастардың көбейіп келе жатқанынан анық хабар береді, - деді облыстық Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Әгәрәки ҰБТ тапсырушы түлектер тест кезінде тыйым салынған заттармен ұсталса, аудиториядан шығарылады және тест нәтижесі, білім беру гранты жойылады. Бұрын тестілеу 3 сағат 50 минут болса, қазір 10 минут қосылып, 4 сағатқа ұзартылды. 

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен қолға алынған "Білікті маман" жобасының аясында облыста шетелде білім алғысы келетін түлектердің саны азайған.

- Биыл Өскемен мен Семей қалаларындағы мектеп түлектерінің 394-і шетелде оқымақ. Себебі отбасыларымен бірге қоныс аударады екен. Бүгінде түлектердің  40%-дан астамы өңіріміздегі жоғары оқу орындарында білім алуға ниет білдірді. Ал қалғандары еліміздің өзге аймақтарында білім алуды жоспарлап отыр, - деді Сайрангүл Жұмаділова.

Следующая →