Усть-Каменогорск
пасмурно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -3°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ахметов қоластындағы шенеунікке "екі" деген баға берді

Облыс әкімдігінің ғимаратында "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы, "7-20-25" ипотекалық несиелендіру және "Бақытты отбасы" жеңілдетілген несие бағдарламаларының орындалу барысы талқыланды

Облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Бауыржан Құдияров бөлінген және жұмсалған қаражат, сондай-ақ пайдалануға берілген тұрғын үй шаршы метрі туралы есеп бергеннен кейін Даниал Ахметов үндемей тұра алмады.

- Біздің облыста 33 мың адам баспана кезегінде тұр. Біз оларды бес жыл ішінде баспанамен қамтамасыз етуіміз керек. Мен алдында бір отырыста қандай жұмыстар атқарғандығымыз жөнінде барлығын егжей-тегжейлі айтуды тапсырған едім. Бірақ ол жұмысты көріп тұрғаным жоқ. Біз көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жылына кемінде 550-600 пәтерді үйлестіруіміз қажет. Бірақ бұдан сіз бейхабар екенсіз. Қаржыны баяғыда-ақ бөліп қойғанда, мәселені мүлде білмеу деген не сөз? Әлде кәсіпқойлық пен біліктіліктің жоқтығынан ба? - деп Даниал Ахметов қарамағындағы басқарма басшысына шүйлікті.

Сонымен қатар, Даниал Ахметов ұзыннан-ұзақ есеп-қисаптардың кесірінен халық мардымды ақпарат алмай жүргендігін де атап өтті.

- Сіздерге сандарды көптеп айтса, жеткілікті. Алыстан дорбалатып, сандармен сөйледіңіз. Ал мен журналистерге қарап отырып, олардың сандармен тізбектелген есептен қалай шаршағанын байқап отырмын. Сіз, тіпті, қайсы басы, қайсы аяғы екенін де түсінбей далсыз. Әрине, мұндай түсіндіру, есеп беру жұмысы сауаттылықты білдіреді. Алайда ұш бет парақтан түйгенді теріп, жазам деп адам шаршайды. Біз қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жұмыс атқаруымыз керек. Отыр, Бауыржан, екі, - деп түйіндеді сөзін Ахметов.


Следующая →