Өскемен
Қалың бұлтты
-23°
  • Өскемен
    -23°
  • Семей
    -16°
  • Алматы
  • Риддер
    -6°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
  • Ақтау
    +2°
  • Атырау
    +1°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -4°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +7°
  • Түркістан
    +12°
  • Орал
    -2°
  • Шымкент
    +9°
$
496
588.01
¥
71.8
6.42
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ахметов қоластындағы шенеунікке "екі" деген баға берді

Облыс әкімдігінің ғимаратында "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы, "7-20-25" ипотекалық несиелендіру және "Бақытты отбасы" жеңілдетілген несие бағдарламаларының орындалу барысы талқыланды

Облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Бауыржан Құдияров бөлінген және жұмсалған қаражат, сондай-ақ пайдалануға берілген тұрғын үй шаршы метрі туралы есеп бергеннен кейін Даниал Ахметов үндемей тұра алмады.

- Біздің облыста 33 мың адам баспана кезегінде тұр. Біз оларды бес жыл ішінде баспанамен қамтамасыз етуіміз керек. Мен алдында бір отырыста қандай жұмыстар атқарғандығымыз жөнінде барлығын егжей-тегжейлі айтуды тапсырған едім. Бірақ ол жұмысты көріп тұрғаным жоқ. Біз көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жылына кемінде 550-600 пәтерді үйлестіруіміз қажет. Бірақ бұдан сіз бейхабар екенсіз. Қаржыны баяғыда-ақ бөліп қойғанда, мәселені мүлде білмеу деген не сөз? Әлде кәсіпқойлық пен біліктіліктің жоқтығынан ба? - деп Даниал Ахметов қарамағындағы басқарма басшысына шүйлікті.

Сонымен қатар, Даниал Ахметов ұзыннан-ұзақ есеп-қисаптардың кесірінен халық мардымды ақпарат алмай жүргендігін де атап өтті.

- Сіздерге сандарды көптеп айтса, жеткілікті. Алыстан дорбалатып, сандармен сөйледіңіз. Ал мен журналистерге қарап отырып, олардың сандармен тізбектелген есептен қалай шаршағанын байқап отырмын. Сіз, тіпті, қайсы басы, қайсы аяғы екенін де түсінбей далсыз. Әрине, мұндай түсіндіру, есеп беру жұмысы сауаттылықты білдіреді. Алайда ұш бет парақтан түйгенді теріп, жазам деп адам шаршайды. Біз қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жұмыс атқаруымыз керек. Отыр, Бауыржан, екі, - деп түйіндеді сөзін Ахметов.


Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Ахметов Тұрғын үй