Усть-Каменогорск
пасмурно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +11°
  • Форт-Шевченко
    +12°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +8°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Зайсанда апорт өсіру үшін жер сұрады

2013 жылы Алматыдан шығысқа көшіп келген Дәулеткелді Сәкібаев есімді Зайсан ауданының тұрғыны апорт алмасын 7 жылдан бері егіп, жемісін көріп отыр

Алайда шаруашылықтың кең етек алып, жайылуына жер жетіспейтін көрінеді.

Шаруашылық көлемін ұлғайтуды ойлаған кәсіпкер ақпанның соңында облыс әкімінің жеке қабылдауында болып, 200 га жер сұрады.

- Сол кезде Серік Зайнулдин әкім болып тұрғанда 400 га жерді жалға берді. Содан Барнауыл ғылыми зерттеу инстуитунынан алма сортын алып келдім, былтыр жемісін берді. Кейін 2016 жылдан бері Алматының ғылыми зерттеу интститутынан 1000 түп апорт алманы алып келіп, тауға қарындасымның шаруашылығына, сыймағанын ауылдарға ектім және Сарытерек ауылында атамның атына көше берген, сол көшенің әр үйіне апорт сортын тараттым. Алған жердің жалға беру мерзімі бітті. Сосын қосымша сұрағаным бойынша жер берген, кейін Сарытеректің әкімі менің жерімді тартып алды. Аудан әкіміне өтініш жасап барып едім, жерді қайтарып берді. Енді маған тағы 200 га жер керек, барлығын зерттеп көрдім, еңбегіміз жемісін береді, - дейді бағбан.

Бағбанның айтуынша, бұл сорт қысқа мейлінше төзімді, сондықтан да кәсіпкер тәуекелге бел байлап, шығыста өсіріп отыр. Алайда 7-8 жылдан кейін барып өнім береді. Жемісі ірі келеді, бір алмасының салмағы 500-600 грамға дейін жетеді, түсі - алқызыл. Жеміс қыркүйек айында піседі, қаңтар ақпан айларына дейін еркін сақтауға болады.

Дәулеткелді Ташкенұлының еңбекқорлығын жоғары бағалаған аймақ басшысы аудан әкіміне тапсырма берді.

- Серік (Ақтанов), ерінбей еңбек етуге дайын адамға қашан да қолдау білдіру керек. Өзімізде шығыста, Зайсанда апортты отырғызып, өсіруге 200 га жер сұрап тұр. Осы шаруашылық үшін Алматыдан Зайсанға көшті. Жеміс 3 жылдан бері өсіп келеді екен. Шаруаның жай-күйін зерттеп көр. Істің өнімділігіне, климаттық жағдайына көз жеткізген соң, қажет жерді бөліп бер, - деді Даниал Ахметов.


Следующая →